Инструкция по эксплуатации Samsung MC28H5135CK-BW

Страница 127

Advertising
background image

Қазақша-31

04
ПЕШТІ ІСКЕ ҚОС

У

Код/Тағам

Құраластар / Нұсқаулар

4-10

Мүкжидек

сусыны

Мұздатылған мүкжидек - 50 г, қант - 35 г, су - 200 мл
Мұздатылған мүкжидекті тартыңыз. Барлық құраластарды шараға

салыңыз. Пісіре бастаңыз. Суытып, сорғытыңыз.

4-11

Лимон тілімі

Ұн - 1,5 кесе, сары май - 60 г, қант - 0,5 кесе, жұмыртқа - 1

Толтыру үшін: Қойылтылған сүт - 400 мл, жұмыртқаның сарысы - 2,

лимон шырыны - 0,5 кесе
Сары майға қант қосып ерітіп, салқындатыңыз да, содан кейін

жұмыртқаны қосыңыз.

Еленген ұннан қосып, қамыр илеңіз. Қамырды астыңғы буферлері бар

силикон қалыпқа салыңыз. Қойылтылған сүтті жұмыртқаның сарысы мен

лимон шырынын қосып араластырыңыз. Қамырдың үстіне біркелкі етіп

таратып салып, пештің ішіне қойып пісіріңіз.

4-12

Шоколады бар

профитроль

Ұн - 1 кесе, сары май - 125 г, су - 1 кесе, жұмыртқа - 4, қара шоколад -

100 г, көпіршітілген қаймақ
Шараға сары май мен суды құйып араластырып, 3 мин 600 Вт

қуатпен пісіріңіз. Салқындатып, ұн қосып, жақсылап араластырыңыз.

Жұмыртқаларды бір-бірден, жақсылап араластыра отырып

салыңыз. Кондитер өнімдері қалтасына салып, пісірме қағаздың

үстіне қамырларды бір-біріне тигізбей салып, содан кейін пісіріңіз.

Профитрольды кесіп, содан кейін торкөз торға салып салқындатыңыз.

Көпіршітілген қаймақпен толтырыңыз. Профитрольды ыстық шоколадпен

бірге үстелге тартыңыз.

4-13

Алма бәліші

Ұн - 2,5 кесе, ұнтақ қант - 0,3 кесе, салқындатылған сары май - 185 г,

ақуыз 1, қант - 1 ас қасық

Толтыру үшін: Үлкен алма - 4, қант - 4 ас қасық + 2 ас қасық
Ұнды үстелдің үстіне қантпен бірге елеуіштен өткізіп салыңыз.

Сары майды кішкене текшелерге бөліп, ұнға араластырыңыз.

1-2 ас қасық су қосып, жұмсақ етіп қамыр илеңіз. Жұқалтырға орап,

1 сағат тоңазытқышқа салыңыз. Алмаларды жұқалап турап, өзегін

алыңыз. Қамырды 2/3 дөңгелектеп, диаметрін 22 см етіп жазып,

айналдыра таратып қойыңыз. Олармен пісірме табақты 18 см

диаметрмен, шеттерін көмкере жабыңыз. Ұнның үстіне 3 алма тілігін

салыңыз. Қант себіңіз. Қалған қамырды да дөңгелектеп жайыңыз.

Торттың шетін ақуызбен майлап, ұнның екінші бөлігімен жауып, шеттерін

көмкеріңіз. Қанттың қалғанын себіңіз. Пісіріңіз.

Код/Тағам

Құраластар / Нұсқаулар

4-14

Грек жаңғағы

қосылған бәліш

Ұн - 1,5 кесе, ұнтақ қант - 1 ас қасық, сары май - 125 г, лимон шырыны

- 1 ас қасық

Толтыру үшін: Туралған грек жаңғағы - 250 г, қант - 0,75 кесе, ұн - 2 ас

қасық, бал - 1 кесе, сары май - 30 г, жұмыртқа - 3
Ұнды үстелдің үстіне қантпен бірге елеуіштен өткізіп салыңыз. Сары

майды кішкене текшелерге бөліп, ұнға араластырыңыз. Лимон

шырынын, 1 ас қасық су қосыңыз. Қамыр илеңіз. Жұқалтырға орап,

1 сағат тоңазытқышқа салыңыз. Толтырмасын дайындаңыз. Блендерге

салып, балды, қантты, ұн, сары май мен жұмыртқаларды көпіршітіп,

біртекті қоспаға айналдырыңыз. Қоспаны қалыпқа салып, қабырғасы

көтеріп, толтырмасын ретімен салып, грек жаңғағымен безендіріп,

пісірілген қоспаны қосып, пешке салып, содан кейін пісіріңіз.

4-15

Бүлдірген рулеті

Ұн - 2 кесе, шөкім тұз, сүт - 125 мл, сары май - 25 г, өсімдік майы - 0,5 ас

қасық, жұмыртқа - 2, қант - 2 ас қасық, құрғақ жұмыртқа - 7 г, шамалы

ваниль

Толтыру үшін: Бүлдірген - 700 г, қант - 0,5 кесе, жүгері крахмалы - 2 ас

қасық
Үлкен шараға жылы сүт құйып, оған ашытқыны ерітіп, қант қосып,

елеуіштен өткізілген ұнның жартысы мен тұз салыңыз. Араластырып,

1 сағат қойып қойыңыз. Ұнның қалғанын, 1 жұмыртқаны, сары май мен

өсімдік майын қосыңыз. Қамыр илеңіз де, жылы жерге 1,5 сағат қоя

тұрыңыз. Қамырды тағы да илеңіз. Бүлдіргендерді жапырақтап турап,

қант пен крахмалға араластырыңыз. Қамырды қайта илеп, ұн себілген

тақтайға қойып, жұқарғанша жайыңыз. Қамырға толтырмадан салып,

шетінен орын (шамамен 2 см) қалдырыңыз. Пластик рулетті азайтып,

шеттерін көмкеріңіз. Қалған шамалы көпіршітілген жұмыртқаны жағыңыз.

Бөлкені пештің ішіне салып пісіріңіз.

MC28H5135CK_BW_DE68-04245S-00_KZ.indd 31

2013-12-09 �� 6:03:43

Advertising