Инструкция по эксплуатации Samsung MC28H5135CK-BW

Страница 117

Advertising
background image

Қазақша-21

04
ПЕШТІ ІСКЕ ҚОС

У

2. Көкөністер

Код/Тағам

Үстелге тарту

мөлшері

Нұсқаулар

2-1

Жасыл бұршақ

200-250 г

300-350 г

Жасыл бұршақтарды шайып, тазалаңыз. Оларды

қақпағы бар, шыны шараға біркелкі таратып салыңыз.

200-250 г пісірген кезде 30 мл (2 ас қасық) су

қосыңыз, 300-450 г пісіру үшін 45 мл (3 ас қасық) су

қосыңыз. Шараны бұрылмалы табақтың ортасына

қойыңыз. Бетін жауып пісіріңіз. Пісіріп болғаннан кейін

араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрыңыз.

2-2

Шпинат

100-150 г

200-250 г

Шпинатты шайып, тазалаңыз. Қақпағы бар, шыны

ыдысқа салыңыз. Су қоспаңыз. Шыныаяқты

бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз. Бетін жауып

пісіріңіз. Пісіріп болғаннан кейін араластырыңыз.

1-2 минут қоя тұрыңыз.

2-3

Қабығы

аршылған картоп

300-350 г

400-450 г

500-550 г

Картоптарды жуып, қабығын аршып, жартыға бөліңіз

де, қақпағы бар шыны ыдысқа салыңыз. 15-30 мл

(1-2 ас қасық) су қосыңыз. Пісіріп болғаннан кейін

араластырыңыз. Бұдан көп мөлшердегі тағамды

пісіріп жатқанда арасында бір рет араластырыңыз.

3-5 минут қоя тұрыңыз.

2-4

Картоп гратині

400-450 г

800-850 г

Жаңа картоп гратині тағамын шыны пирекс ыдысқа

салыңыз. Ыдысты астыңғы торға қойыңыз.

2-3 минут қоя тұрыңыз.

2-5

Грильденген

баклажан

100-150 г

200-250 г

Баклажанды шайып, тураңыз. Зәйтүн майынан жағып,

дәмдеуіштерден себіңіз. Туралған тілімдерді үстіңгі

торға қойыңыз. Сигнал естілгеннен кейін аударыңыз.

Жалғастыра бастау үшін басыңыз (Аудармасаңыз,

пеш жұмыс істей береді). 1-2 минут қоя тұрыңыз.

2-6

Гриль

қызанақтары

400-450 г

600-650 г

Қызанақтарды шайып, тазалаңыз. Жартыға бөліп,

пеш ыдысына салыңыз. Үстіне үккіштен өткізілген

ірімшік қосыңыз. Ыдысты үстіңгі торға қойыңыз.

1-2 минут қоя тұрыңыз.

3. Құс/Балық еті

Код/Тағам

Үстелге тарту

мөлшері

Нұсқаулар

3-1

Тауықтың төс

еттері

300-350 г

400-450 г

Тауықтың төс етін шайып, керамика табаққа салыңыз.

Микротолқын таспасымен жауып, таспаны тесіңіз.

Ыдысты бұрылмалы табақ үстіне қойыңыз.

2 минут қоя тұрыңыз.

3-2

Күркетауықтың

төс еттері

300-350 г

400-450 г

Күркетауықтың төс етін шайып, шұңғыл пеш ыдысына

салыңыз. Микротолқын таспасымен жауып, таспаны

тесіңіз. Ыдысты бұрылмалы табақ үстіне қойыңыз.

2 минут қоя тұрыңыз.

3-3

Тауықтың

төс еттерінен

жасалған гриль

300-350 г

400-450 г

Тауықтың төс етін шайып, тұздап, үстіңгі торға

салыңыз. Сигнал естіле сала дереу аударыңыз.

2 минут қоя тұрыңыз.

3-4

Балық етінен

жасалған гриль

200-300 г

400-500 г

Балықтың қоң еттерін үстіңгі торға біркелкі таратып

қойыңыз. Сигнал естіле сала дереу аударыңыз.

1-2 минут қоя тұрыңыз.

3-5

Арқан балықтың

қоң еттерінен

гриль жасау

200-250 г

300-350 г

Балық стейктерін үстіңгі торға біркелкі таратып

қойыңыз. Сигнал естіле сала дереу аударыңыз.

2 минут қоя тұрыңыз.

3-6

Қуырылған

балық

200-300 г

400-500 г

Бүтін балыққа (бақтақ немесе мөңке) көкөніс майын

жағып, шөп, дәмдеуіштер қосыңыз. Балықтарды

үстіңгі торға, құйырықтарын бастарына түйістіріп

қатарластыра қойыңыз. Сигнал естіле сала дереу

аударыңыз. 3 минут қоя тұрыңыз.

MC28H5135CK_BW_DE68-04245S-00_KZ.indd 21

2013-12-09 �� 6:03:42

Advertising