Инструкция по эксплуатации Samsung MC28H5135CK-BW

Страница 122

Advertising
background image

Қазақша-26

2. Түскі ас

Код/Тағам

Құраластар / Нұсқаулар

2-1

Борщ

(1) Туралған қызылша - 50 г, ұзыншалап туралған қырыққабат - 20 г,

туралған сәбіз - 15 г, ұзыншалап туралған пияз - 10 г, қызанақ езбесі -

15 г, қант - 5 г

(2) Сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ концентрат қосылған су - 650 мл,

лавр жапырағы - 1 дана

Орыс сіркесуы 9 %- 5 мл, егер қаласаңыз. Үстелге тарту үшін сарымсақ,

дәмдеуіш шөптер және қаймақ
Үлкен шараға құраластардың (1) барлығын салыңыз да, қайнаған

сорпаны құйып пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген

кезде лавр жапырағын қосыңыз. Жақсылап араластырып, пісіруді

жалғастырыңыз.

2-2

Щи

(1) Ұзыншалап туралған қырыққабат - 45 г, туралған сәбіз - 15 г,

ұзыншалап туралған пияз - 10 г, ұзынша картоптар - 25 г, қызанақ езбесі -

10 г, сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ концентрат - 400 мл

(2) Сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ концентрат қосылған су - 100 мл,

лавр жапырағы - 1 жапырақ. Үстелге тарту үшін дәмдеуіш шөптер
Үлкен шараға құраластардың (1) барлығын салыңыз да, қайнаған

сорпаны құйыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген

кезде жақсылап араластырып, ет сорпасын құйып, лавр жапырағын (2)

салыңыз. Содан кейін пісіруді жалғастырыңыз.

2-3

Солянка

(1) Ұзыншалап туралған пияз - 45 г, сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ

концентрат қосылған су -350 мл

(2) Каперсник - 7 г, тұздалған, туралған қияр - 50 г, қызанақ езбесі - 30 г,

қара зәйтүн - 16 г, қара зәйтүн сұйығы - 20 мл, лавр жапырағы 1 дана, ет

жинағы - 30 г, сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ концентрат қосылған

су - 350 мл
Үлкен шараға пияздан салып, қайнап тұрған сорпаны (1) құйыңыз. Пісіре

бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде келесі құраластарды (2)

салыңыз.

Жақсылап араластырып, сорпадан құйып, лавр жапырағын салыңыз да,

жалғастырып пісіріңіз.

2-4

Көкөніс сорпасы

Мұздатылған көкөністер - 150 г, көкөніс сорпасы немесе құрғақ

концентрат қосылған су - 300 мл. Үстелге тарту үшін дәмдеуіш шөптер
Үлкен шараға құраластардың барлығын салыңыз да, қайнаған сорпаны

құйыңыз. Пісіре бастаңыз.

Код/Тағам

Құраластар / Нұсқаулар

2-5

Тауық етінен

жасалған көже

Вермишель - 15 г, тауықтың қоң еті - 50 г, туралған сәбіз - 15 г,

ұзыншалап туралған пияз - 10 г, тауық сорпасы немесе құрғақ

концентрат қосылған су - 440 мл. Үстелге тарту үшін дәмдеуіш шөптер
Үлкен шараға вермишельді салыңыз да, қайнаған сорпаны құйыңыз.

Қоң етті жұқалап турап, басқа қоспалармен бірге салыңыз. Жақсылап

араластырыңыз да, пісіре бастаңыз.

2-6

Котлета

(1) Ақ бидай - 10 г, сүт - 15 мл

(2) Шошқаның немесе сиырдың тартылған еті -120 г, тұз - 2 г, қара бұрыш

- 1 г

(3) Нанның қоқымдары - 5 г
Нанға(1) сүт тамызыңыз. Тартылған етке қосып, жақсылап

араластырыңыз. Дәмдеуіштерді салыңыз(2). Екі домалақ жасап, үстіне

нан қоқымдарын(3) себіңіз. Оларды үстіңгі тордың үстіндегі табаққа

қойыңыз. Пісіре бастаңыз.

2-7

Арқан балықтан

гриль жасау

Сүйегі мен терісі алынбаған арқан балық филесі - 200-250 г, тұз - 1 г,

лимон - 15 г (шырынын сығыңыз), май - 5 г
Арқан балық стейгін дәмдеп, май жағыңыз. Табаққа салыңыз. Табақты

астыңғы торға қойып, пісіре бастаңыз.

2-8

Қыша соусы

қосылған

шошқаның

мойыны

(1) Шошқаның туралған мойыны -150 г, үккіштен өткізілген сәбіз -

20 г, ұзыншалап туралған пияз - 20 г, тауық сорпасы немесе құрғақ

концентрат қосылған су - 100 мл

(2) Тұздыққа арналған қоспа: Бидай - 5 г, дижон қышасы - 20 г, қышқыл

қаймақ - 30 г, су - 50 мл
Етті ұзыншалап турап, көкөністерді дайындап, тауық сорпасын қосыңыз

(1). Табаққа салыңыз. Жақсылап араластырыңыз да, пісіре бастаңыз.

Тұздыққа(2) қосылатын құраластардың барлығын дайындаңыз.

Тұмшапештен сигнал естілген кезде, еті бар сорпаға құраластарды

салып араластырыңыз да, жалғастырып пісіріңіз.

2-9

Тұшпара

Мұздатылған тұшпара - 15 дана (біреуі 10 г - 12 г), тауық сорпасы немесе

құрғақ концентрат қосылған су - 400 мл, бүтін қара бұрыш - 3 - 5 дана,

лавр жапырағы - 1 дана.
Үлкен шара тәрізді табаққа құраластардың барлығын салыңыз да,

қайнаған сорпаны құйыңыз.

Сай келетін пластик қақпақпен жабыңыз. Пісіре бастаңыз. Дайындап

болғаннан кейін сары май, қышқыл қаймақ қосыңыз.

MC28H5135CK_BW_DE68-04245S-00_KZ.indd 26

2013-12-09 �� 6:03:42

Advertising