Инструкция по эксплуатации Samsung MC28H5135CK-BW

Страница 126

Advertising
background image

Қазақша-30

4. Арнайы жағдайлар

Код/Тағам

Құраластар / Нұсқаулар

4-1

Ет толтырылған

болгар бұрышы

(1) Болгар бұрышы - 2 дана, әр данасы 80 г, тартылған ет (сиырдың және

шошқаның) - 150 -190 г (екі бөлікке бөліңіз), пісірілген кәдімгі күріш - 10-

20 г, тұз - 5 г, қара ұнтақ бұрыш - 0,5, сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ

концентрат қосылған су - 200 мл

(2) Тұздыққа арналған қоспа: Бидай - 5 г, қызанақ езбесі - 20 г, су - 50 мл
Күрішті тартылған етке қосыңыз. Дәмдеуіштер салып, қолыңызбен

жақсылап араластырыңыз. Бұрыштың өзегі мен дәндерін алыңыз.

Бұрышқа ет толтырыңыз. Шараға салып, сорпаны құйыңыз(1). Пісіре

бастаңыз. Тұздыққа(2) араластырылатын құраластардың барлығын

дайындаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, тұздықты ет

толтырылған бұрыштар салынған сорпаға құйыңыз. Аударыстырып,

пісіруді жалғастырыңыз.

4-2

Расстегай

(1) Мұздатылған, ашыған қамыр (2 төртбұрыш қалып) - қалыптың

¼ бөлігі

(2) Толтырмасы: Кішкене-кішкене текшелеп туралған алабұға - 25 г,

шампиньон, текшеленген - 6 г, пісірілген кәдімгі күріш - 4 г, жұмыртқаның

сарысы - үстіне жағу үшін ¼ бөлігі
Қамырды жібітіңіз. Қамырды қажетті бөліктерге бөліңіз(1).

Толтырма ретінде қолданылатын қоспалардың барлығын

араластырыңыз(2). Толтырманы қамырдың ортасына салыңыз.

Кеме тәрізді пішінге келтіріп түйіңіз. Жұмыртқаның сарысын жағыңыз.

Табаққа салыңыз. Табақты астыңғы торға қойыңыз. Пісіре бастаңыз.

4-3

Нан қоқымдары

қосылған ірімшік

Ірімшік - 125 г (4-5 дана, әр бірі 25 г), жұмыртқа - 0,5 дана, нанның

қоқымдары - 3-5 г
Ірімшікті текшелеп тураңыз. Жұмыртқаның сарысына салып, нан

қоқымдарын себіңіз. Ірімшікті балауыз қағазға қойыңыз. Содан кейін

үстіңгі торға қойыңыз. Пісіре бастаңыз.

4-4

Тауық кәуабы

Тауық сирағының филесі - 380 г, қызанақ езбесі - 20 г, тұз - 5 г, туралған

сарымсақ - 3 г, май - 7 г, кәдімгі йогурт - 70 г, істіктер. Тұздық жасау үшін:

қызанақ, зәйтүн майы, тұз, бұрыш, лимон қабықтары
Филені 3 x 3 см текшеге бөліңіз. Тұздық жасау үшін блендерде езілген

қызанақтарға зәйтүн майын, тұз, бұрыш, лимон қабықтарын салып

араластырыңыз. Тауық филесін маринадқа салыңыз. Етті 1 сағаттан ұзақ

тұздаңыз. Тауықтың еттерін ағаш істіктерге шаншыңыз.

Табаққа салып, үстіңгі торға қойыңыз. Пісіре бастаңыз.

Код/Тағам

Құраластар / Нұсқаулар

4-5

Боярлар еті

Туралған шошқаның мойыны - 280 г (4-ке бөлінген), тұз - 2 г, қара ұнтақ

бұрыш - 0,5 г, шампиньон тілімдері - 45 г, майонез - 55 г
Етке дәмдеуіштер қосыңыз. Етті табаққа салыңыз. Табақты үстіңгі торға

қойыңыз. Пісіре бастаңыз. Пештен сигнал естіле салысымен, еттің

үстіне шампиньондарды салып, үстіне майонез құйыңыз. Пісіру үрдісін

жалғастырыңыз.

4-6

Арқан балық

қосылған

кулебяка

Мұздатылған, ашыған қамыр - 130 г

Толтырмасы: Кішкене текшелеп туралған ақсерке филесі - 100 г, тұз - 1 г,

табаға қуырылған, текшелеп туралған пияз - 20 г, кішкене текшелеп

туралған, қайнатылған жұмыртқа - 30 г, жұмыртқаның сарысы - 1 дана,

жағу үшін
Қамырды жібітіңіз. 2 мм қалың етіп жайыңыз. Толтырма қоспаларының

барлығын араластырыңыз. Толтырманы қамырдың ортасына қойыңыз.

Қамырдың шеттерін біріктіріп жапсырыңыз. Пішімге келтіріңіз. Біраз

жерінен тіліңіз. Жұмыртқаның сарысын үстіне жағыңыз. Осы қамырды

балауыз қағазға қойыңыз. Содан кейін астыңғы торға қойыңыз. Пісіре

бастаңыз.

4-7

Арқан балық

кәуабы

Туралған арқан балық - 350-370 г, лимон - 25 г (шырынын сығыңыз),

тұз - 5 г, май - 10 г, туралған балдыркөк - 10 г, істіктер
Барлық қоспалар мен балықты араластырыңыз. 15 - 20 мин

тұздықтаңыз. Істіктерге шаншыңыз. Табаққа салып, үстіңгі торға

қойыңыз. Пісіре бастаңыз.

4-8

Көкөніс қосылған

бақтақ

Сары май - 5 г, ұзыншалап туралған сәбіз - 35 г, ұзыншалап туралған

пияз - 25 г, туралған сарымсақ - 3 г, туралған сельдерей жапырақтары

- 5 г, бақтақ - 1 дана (220-250 г), тұз - 1 г, ақ ұнтақ бұрыш - 0,5 г, сары

май - 5 г
Балауызды қағаздың ортасын майлаңыз. Сәбіз, пияз, сарымсақ

және сельдерейді үстіне салыңыз. Көкөністердің үстіне дәм-татымы

келтірілген бақтақты салыңыз. Балықтың үстіне май салыңыз. Қақпақ

жабыңыз. Микротолқынды пешке салып, пісіре бастаңыз.

4-9

Печенье

Бидай - 85 г, безендіргіш шекер - 25 г, сары май - 50 г, жұмыртқаның

сарысы - 0,5 дана, тұз - 1 г
Бидай, безендіргіш қант пен сары майды жақсылап араластырыңыз.

Тұз бен жұмыртқаны қосыңыз.

Жақсылап араластырыңыз. Екі дөңгелек жасаңыз. Балауызды қағазға

салып, астыңғы торға қойыңыз. Пісіре бастаңыз.

MC28H5135CK_BW_DE68-04245S-00_KZ.indd 30

2013-12-09 �� 6:03:43

Advertising