Инструкция по эксплуатации Samsung MC32F604TCT

Страница 99

Advertising
background image

3

ҚАЗАҚША

ЕСКЕРТУ: Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және

одан асқандар ғана қолдануға тиіс және кембағал,

сезім жүйесі дамымаған немесе ақыл-есі кем,

құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана

білмейтін адамдар құрылғыны қауіпсіз қолдану,

қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса немесе

тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалануға

тиіс. Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс.

Тазалау күтім көрсету жұмыстарын балалар 8

жастан асса және ересектердің қадағалауында

болса ғана іске асыра алады.

Микротолқынды пештерде қолдануға жарамды

ыдыс-аяқтарды ғана қолданыңыз.

Тағамды пластик немесе қағаз сауыттарға салып

қыздырғанда, пешті бақылап отырыңыз, себебі

бұлар тұтап кетуі мүмкін.

Бұл микротолқынды пеш тағам және сусын

ысытуға арналған. Тағам немесе киім кептіру

және жылытқыш төсеніштерді, аяқ киімдерді,

жөкелерді, дымқыл киімдерді немесе сол сияқты

заттарды кептіргенде, жарақат алу немесе өрт

шығу қаупі бар.

Егер түтін шықса, құрылғыны сөндіріңіз немесе

тоқтан ағытыңыз және жалынды басу үшін есікті

ашпаңыз.

ЕСКЕРТУ: Сусындарды микротолқынды пеште

қыздырған кезде кенет тасып төгілуі мүмкін,

сондықтан сауытты ұстаған кезде абай болу

керек.

ЕСКЕРТУ: Баланы тамақтандыратын шөлмектің

және балалар тағамы салынған қалбырлардың

ішіндегісін берер алдында араластыру

немесе шайқау керек және күйіп қалмас үшін

температурасын тексеру керек.

Микротолқынды пеште қабығы аршылмаған және

бітеулей пісірілген жұмыртқаларды қыздыруға

болмайды, себебі микротолқынмен қыздырып

болғаннан кейін де жарылып кетуі мүмкін.

Пешті мезгіл-мезгіл тазалап, тағамның

қалдықтарын алу керек.

Пешті таза ұстамасаңыз, оның бетінің сапасы

кетіп, құрылғының уақытынан бұрын істен

шығуына себеп болуы және қатерлі жағдайлар

орын алуы мүмкін.

Бұл құрылғы көлік құралдарына, ұзақ жолсапар

көліктеріне немесе сол сияқты көліктерге орнатуға

арналмаған.

MC32F604TCT_BW_DE68-04173A-03_KK.indd 3

2014-03-06 �� 7:43:18

Advertising