Ыдыс бойынша нұсқаулық – Инструкция по эксплуатации Samsung GE83DTR-1W
Страница 109
Қазақша-29
04
ЫДЫС
ТЫ ПАЙДА
ЛАНУ НҰСҚА
УЛЫҒЫ
ыдыс бойынша нұсқаулық
Микротолқынды пеште тағам пісіру үшін, микротолқындар ыдысқа шағылыспай немесе
ыдысқа сіңбей тағамнан өте алатындай болуға тиіс. Сондықтан да, ыдыс-аяқты дұрыс
таңдау қажет. Микротолқынға төзімді деген белгісі бар ыдысты алаңсыз қолдана
беруге болады. Келесі кестеде әр түрлі ыдыс түрлері және оларды микротолқынды
пеште қалай қолдануға болатындығы көрсетілген.
Ыдыс-аяқ
Микротолқынға
төзімді
Түсіндірме
Алюминий фольга
✓ ✗
Тағамның осал жерлері қатты пісіп кетпес үшін,
кішкене қағаздармен жабыңыз. Фольга пештің
қабырғасына тым жақын қойылса немесе тым
көп фольга қолданылса электр жарқылы пайда
болуы мүмкін.
Браунинг табағы
✓
8 минуттан артық қыздырмаңыз.
Фарфор және
керамика
✓
Фарфор, керамика, безендірілген керамика
мен қатты фарфор ыдыстарды, жиегі металл
болмаса әдетте қолдана беруге болады.
Бір рет қолданылатын
полиэфир картон
ыдыстар
✓
Кейбір мұздатылған тағамдар осындай
ыдыстарға оралады.
Фастфуд орамдары
• Полистирол кеселер
мен сауыттар
✓
Тағамды жылыту үшін қолдануға болады. Қатты
қыздырса, полистирол еріп кетуі мүмкін.
• Қағаз қалта немесе
газет
✗
Өртеніп кетуі мүмкін.
• Өңдеуден өткізілген
қағаз немесе
ыдыстың металл
жиегі
✗
Электр жарқылы пайда болуы мүмкін.
Шыны ыдыс
• Пеш-үстел
ыдыстары
✓
Металл жиегі болмаса, қолдана беруге болады.
Ыдыс-аяқ
Микротолқынға
төзімді
Түсіндірме
• Осал шыны ыдыс
✓
Тағам немесе сусындарды жылыту үшін
қолдануға болады. Осал шыны ыдыс кенет
қыздырған кезде сынып немесе жарылып кетуі
мүмкін.
• Шыны банка
✓
Қақпағын алу керек. Тек тағамды жылытуға
жарайды.
Металл
• Ыдыстар
✗
Электр жарқылы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Тоңазытқышта
тұратын тағам
қалтасын
қыстырғыш
✗
Қағаз
• Табақ, кесе, майлық
және ас үй қағазы
✓
Тағамды аз уақыт пісіру немесе жылыту үшін.
Сонымен қатар, артық ылғалды сіңіру үшін.
• Өңделген қағаз
✗
Электр жарқылы пайда болуы мүмкін.
Пластик
• Сауыттар
✓
Қызуға төзімді термопластик болса әсіресе сай
келеді. Кейбір пластиктер жоғары температурада
майысып, түсі өзгеріп кетуі мүмкін. Меламин
пластигін қолданбаңыз.
• Жылтыр қағаз
✓
Ылғалды ұстап тұру үшін қолдануға болады.
Тағамға тигізбеу керек. Жылтыр қағазды алғанда
абай болыңыз, ыстық бу шарпуы мүмкін.
• Тоңазытқыш
қалталар
✓ ✗
Қайнатуға немесе пешке төзімді болса. Ауа
өткізбейтін болмауға тиіс. Қажет болса,
шанышқымен тесіңіз.
Балауыз немесе май
өткізбейтін қағаз
✓
Тағам шашырамас үшін және ылғалды ұстап тұру
мақсатында қолдануға болады.
✓
: Ұсынылады
✓✗
: Сақтықпен пайдаланыңыз
✗
: Қауіпсіз емес
GE83DTR-1W,GE83DTR-1_BWT_DE68-04111C-01_KZ.indd 29
2013-11-28 �� 4:07:54