Инструкция по эксплуатации Samsung GE83DTR-1W

Страница 107

Advertising
background image

Қазақша-27

03

ПЕШТІ ПАЙДА

ЛАНУ

МИКРОТОЛҚЫН ЖӘНЕ ГРИЛЬ ФУНКЦИЯСЫН БІРГЕ

ҚОЛДАНУ

Тағамды бір мезгілде қызартып, жылдам пісіру үшін микротолқын

және гриль функцияларын бірктіре қолдануға болады.

ӘРҚАШАН микротолқынға және пешке төзімді ыдыстарды

қолданыңыз. Шыны және керамика ыдыстар, микротолқын

тағамға біркелкі таралуға көмектесетіндіктен микротолқынды пеш

үшін тамаша ыдыс болып табылады.
Пештің ішіндегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан, оларды

ӘРҚАШАН қолғап киіп ұстаңыз.

1. Басқару панелінің оң жақ бұрышындағы үлкен

түймешікті басып, пештің есігін ашыңыз.

Тағамды тордың үстіне қойыңыз да, торды

бұрылмалы табақтың үстіне қойыңыз.

Есікті жабыңыз.

2. Аралас режим түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Бейнебетте келесі көрсетіледі:

Аралас

(микротолқын және гриль режимі)

600 Вт (қуат шығысы)

Тиісті

қуат мәнін Аралас режим түймешігін қажетті қуат мәні

көрсетілгенше қайта басып таңдаңыз.
Гриль температурасын орната алмайсыз.

3. Пісіру уақытын 10 мин, 1 мин және 10 сек

түймешігін басып таңдаңыз. Ең көп пісіру

уақыты 60 минут.

4. СТАРТ ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі : Аралас режиммен тағам пісіру

бастайды. Бұл цикл аяқталған

кезде.

1) Пеш 4 рет сигнал береді.

2) Пісіру циклінің соңы сигналы

3 рет естіледі (минутына бір рет).

3) Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.

Микротолқын және гриль аралас режиммен пісіру үшін қажет

микротолқын қуатының ең үлкен мәні 600 Вт.

КӨП ЦИКЛДІ ПІСІРУ

Микротолқынды пешіңізді тағамды ең көбі 3 цикл арқылы пісіретін

етіп бағдарламалауыңызға болады.
Мысалы:

Тағамды жібітіп, әр циклден кейін пеш

параметрлерін жаңадан орнатпай пісіре бергіңіз

келеді. Осылайша 500 г балықты 3 цикл бойынша

жібітуге және пісіруге болады:

Жібіту

Пісіру I

Пісіру II

Көп циклді пісіру функциясында, 2 және 3 циклдің бірін

орнатуыңызға болады.

Егер 3 циклді орнатсаңыз, ең алдыңғы цикл жібіту циклі болуға

тиіс.

Соңғы циклді орнатпай тұрып ( ) түймешігін баспаңыз.

1. Ускоренная разморозка ( )түймешігін бір

немесе бірнеше рет басыңыз.

2. Салмақты кг және 100г түймешігін қажетінше

басып (мысалы 500 г) орнатыңыз.

3. СВЧ түймешігін басыңыз.

Микротолқын режимі (I) :

; Қажет болса, қуат мәнін СВЧ түймешігін

бір немесе бірнеше рет басып орнатыңыз.

(мысалы, 600 Вт)

GE83DTR-1W,GE83DTR-1_BWT_DE68-04111C-01_KZ.indd 27

2013-11-28 �� 4:07:53

Advertising