Инструкция по эксплуатации Samsung GE73MR

Страница 82

Advertising
background image

ҚАЗАҚША

18

Код

Тағам

Үстелге тарту

мөлшері

Құраластар

2 Расстегай

1 дана

(75 г)

(1) Мұздатылған, ашыған қамыр (2 төртбұрыш қалып) -

қалыптың 1/4 бөлігі

(2) Толтырмасы: Кішкене-кішкене текшелеп туралған

алабұға – 25 г, шампиньон, текшеленген -6 г, пісірілген

кәдімгі күріш -4 г, жұмыртқаның сарысы - үстіне жағу үшін

1/4 бөлігі

< Ұсыныстар >

Қамырды жібітіңіз. Қамырды қажетті бөліктерге бөліңіз(1). Толтырма ретінде қолданылатын

қоспалардың барлығын араластырыңыз(2). Толтырманы қамырдың ортасына салыңыз. Кеме

тәрізді пішінге келтіріп түйіңіз. Жұмыртқаның сарысын жағыңыз. Табаққа салыңыз. Табақты гриль

торына қойыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, бәлішті табақтан алып,

балауызды қағазға қойыңыз. Балауызды қағаздағы бәлішті гриль торына қойыңыз. Пісіру үрдісін

жалғастырыңыз.

3 Нан қоқымдары

қосылған

ірімшік

5 дана

(125 г)

Ірімшік - 125 г (4-5 дана, әр бірі 25 г), жұмыртқа - 0,5 дана,

нанның қоқымдары - 3-5 г

< Ұсыныстар >

Ірімшікті 5см x 5см текшеге бөліңіз. Жұмыртқаның сарысына салып, нан қоқымдарын себіңіз.

Пешті Гриль функциясымен 5мин алдын ала ысытыңыз. Ірімшікті балауыз қағазға қойыңыз.

Содан кейін гриль торына қойыңыз. Пісіре бастаңыз.

4 Тауық кәуабы

280 г

Тауық сирағының филесі - 380 г, қызанақ езбесі - 20 г, тұз

- 5 г, туралған сарымсақ - 3 г, май - 7 г, кәдімгі йогурт - 70

г, істіктер

< Ұсыныстар >

Филені 3см x 3см текшеге бөліңіз. Маринад қоспаларының барлығын араластырыңыз. Тауық

филесін маринадқа салыңыз. Істіктерге шаншыңыз. Табаққа салып, гриль торына қойыңыз.

Пісіре бастаңыз.

5 Боярлар еті

260 г

Туралған шошқаның мойыны - 280 г (4-ке бөлінген), тұз - 2

г, қара ұнтақ бұрыш - 0,5 г, шампиньон тілімдері - 45 г,

майонез - 55 г

< Ұсыныстар >

Етке дәмдеуіштер қосыңыз. Етті табаққа салыңыз. Табақты гриль торының үстіне қойыңыз.

Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, еттің үстіне шампиньондарды салып,

үстіне майонез құйыңыз. Пісіру үрдісін жалғастырыңыз.

Код

Тағам

Үстелге тарту

мөлшері

Құраластар

6 Ақсерке

қосылған самса

180 г

Мұздатылған, ашыған қамыр - 130 г

Толтырмасы: Кішкене текшелеп туралған ақсерке филесі

- 100 г, тұз - 1 г, табаға қуырылған, текшелеп туралған пияз

- 20 г, кішкене текшелеп туралған, қайнатылған жұмыртқа -

30 г, жұмыртқаның сарысы - 1 дана, жағу үшін

< Ұсыныстар >

Қамырды жібітіңіз. 2мм қалың етіп жайыңыз. Толтырма қоспаларының барлығын

араластырыңыз. Толтырманы қамырдың ортасына қойыңыз. Қамырдың шеттерін біріктіріп

жапсырыңыз. Пішімге келтіріңіз. Біраз жерінен тіліңіз. Жұмыртқаның сарысын үстіне жағыңыз.

Пешті Гриль функциясымен 5мин алдын ала ысытыңыз. Осы қамырды балауыз қағазға қойыңыз.

Содан кейін гриль торына қойыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде

балауыз қағазды алыңыз. Камырды аударыңыз. Пісіру үрдісін жалғастырыңыз.

7 Арқан балық

кәуабы

280 г

Туралған арқан балық - 350-370 г, лимон - 25 г (шырынын

сығыңыз), тұз - 5 г, май - 10 г, туралған балдыркөк - 10 г,

істіктер

< Ұсыныстар >

Барлық қоспалар мен балықты араластырыңыз. 15-20 мин тұздықтаңыз. Істіктерге шаншыңыз.

Табаққа салып, гриль торына қойыңыз. Пісіре бастаңыз.

8 Көкөніс

қосылған

бақтақ

210-240 г

Сары май - 5 г, ұзыншалап туралған сәбіз - 35 г, ұзыншалап

туралған пияз - 25 г, туралған сарымсақ - 3 г, туралған

сельдерей жапырақтары - 5 г, бақтақ - 1 дана(220-250 г), тұз

- 1 г, ақ ұнтақ бұрыш - 0,5 г, сары май - 5 г

< Ұсыныстар >

Балауызды қағаздың ортасын майлаңыз. Сәбіз, пияз, сарымсақ және сельдерейді үстіне

салыңыз. Көкөністердің үстіне дәм-татымы келтірілген бақтақты салыңыз. Балықтың үстіне май

салыңыз. Қақпақ жабыңыз. Микротолқынды пешке салып, пісіре бастаңыз.

9 Печенье

160 г

(2 х 80 г)

Бидай - 85 г, безендіргіш шекер - 25 г, сары май - 50 г,

жұмыртқа - 0,5 дана, тұз - 1 г

< Ұсыныстар >

Бидай, безендіргіш қант пен сары майды жақсылап араластырыңыз. Тұз бен жұмыртқаны

қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Екі дөңгелек жасаңыз. Балауызды қағазға салып, гриль

торына қойыңыз. Пісіре бастаңыз.

10 Мүкжидектен

жасалған морс

200 мл

Мұздатылған мүкжидек – 50 г, қант – 35 г, су – 200 мл

< Ұсыныстар >

Мұздатылған мүкжидекті тартыңыз. Барлық құраластарды шараға салыңыз. Пісіре бастаңыз.

Суытып, сорғытыңыз.

GE73MR_BWT_DE68-04091A-03_KK.indd 18

2013-11-28 �� 4:23:10

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: