62_ пешті пайдалану – Инструкция по эксплуатации Samsung NQ50C7535DS

Страница 214

Advertising
background image

62_ пешті пайдалану

Автоматты түрде жылдам жібіту параметрлеріне қатысты нұсқау

Келесі кестеде әртүрлі автоматты жібіту бағдарламалары, тағамның мөлшері, қоя тұру

уақыты мен тиісті ұсыныстар берілген. Бұл бағдарламалар тек микротолқын қуатын ғана

қолданады. Жібітуді бастамай тұрып орам материалдарының барлығын алыңыз. Ет, құс еті

мен балықты керамика табаққа салыңыз.

№ Тағам

түрі

Салмағы

(кг)

Жабдықтары Сөре

деңгейі

Қоя тұру

уақыты

(мин)

Ұсыныс

d:01 Ет

0,2-2,0

Керамика

табақ

1

20-90

Шеттерін алюминий фольгамен жабыңыз.

Пеш сигнал берген кезде етті аударыңыз.

Бұл сиыр, қой, шошқа етін, стейк, туралған

ет, фаршталған етті пісіруге жарайтын

бағдарлама.

d:02 Құс еті 0,2-2,0

Керамика

табақ

1

20-90

Сирақтары мен қанаттарының ұшын

алюминий фольгамен жабыңыз. Пеш сигнал

берген кезде құс етін аударыңыз. Бұл бүтін

тауықты да, сонымен қатар бөлшектелген

тауық етін де пісіруге жарайтын бағдарлама.

d:03 Балық

0,2-2,0

Керамика

табақ

1

20-60

Бүтін балықтың құйырығын алюминий

фольгамен жабыңыз. Пеш сигнал берген

кезде балықты аударыңыз. Бұл бүтін

балықты да, балық филесін де пісіруге

жарайтын бағдарлама.

d:04 Нан/

Торт

0,1-1,0

Керамика

табақ

1

10-30

Нанды ас үй қағазына қойыңыз да, пеш

сигнал берген кезде аударыңыз. Тортты

керамика табаға қойып, егер мүмкін болса,

пештен сигнал естілген бетте аударыңыз.

(Пеш жұмыс жасай береді, есікті ашқан

кезде тоқтап қалады.) Бағдарлама нанның

туралған, туралмаған барлық түрлеріне,

сонымен қатар тоқаш пен багетаға да

жарайды. Тоқаштарды айналдыра қойыңыз.

Бұл бағдарлама ашыған қамырдан

жасалған торт, печенье, чизкейк және

ашымаған қамырдан жасалған кондитер

өнімдерінің барлығына сай келеді. Бұл шала

ашыған/қытырлақ кондитер өнімдері, жеміс

және кремі бар торттарға, сонымен қатар

үсті шоколадпен безендірілген торттарға

сай келмейді.

d:05 Жеміс

0,1-0,8

Керамика

табақ

1

5-15

Мұздатылған жемісті керамика табаға

біркелкі таратып салыңыз. Бұл бағдарлама

жидек, аралас жидек және тропикалық

жемістер үшін қолдануға жарамды.

Жібіту режимі тағамды қыздыру үшін микротолқын қуатын қолданады.

Сондықтан да, тағам пісіру үшін қолданылатын ыдыстар мен басқа да микротолқынға

қатысты сақтық шаралары, бұл режимді қолданғанда мұқият сақталуға тиіс.

NQ50C7535DS_WT_DG68-00470C_KZ.indb 62

2013-05-03 �� 2:06:50

Advertising