Аралас функциялар, Көп деңгейде пісіру режимі, Жылы ұстау режимі – Инструкция по эксплуатации Samsung NQ50C7535DS

Страница 174: 22_ пешті пайдалану

Advertising
background image

22_ пешті пайдалану

Қыздырып қуыру

Бұл режимнің 200 °C градустан аса автоматты түрде қыздыру циклы

бар. Үстіңгі қыздырғыш элемент пен конвекция желдеткіші етті қарып

қуыру барысында жұмыс істейді. Осы циклдан кейін тағам алдын ала

таңдалған төмен температурада баппен қуырылады. Үстіңгі және

астыңғы қыздырғыш элементтер жұмыс істеп тұрған кезде бұл үдеріс

аяқталады. Бұл режим етті, құс етін және балықты қуыруға қолайлы.

Ұсынылатын температура: 100 °C
ЭКО конвекция

Бұл режимде тамақ пісіру кезінде қуат үнемдей алуыңыз үшін

оңтайландырылған қыздыру жүйесі пайдаланылады. Тамақ пісіру

уақыты шамалы ұзарады, бірақ сіз тағамды күйдіріп алмастан

біркелкі пісіру нәтижесіне жете аласыз.

Ұсынылатын температура: 180 °C

Ескерім: Қыздырудың ЭКО конвекция режимі EN50304 стандарттарына

сәйкес қуат тиімділігі класын айқындау үшін пайдаланылады.

Аралас функциялар

Микротолқын + гриль

Бұл функция ысытуды немесе қызартуды (мысалы, пісірілген макарон)

қажет ететін, сондай-ақ тағамның үстіңгі жағын аз уақытта қызарту қажетті

піскен тағамдардың барлық түрлері үшін қолайлы. Сонымен қатар, бұл

режимді үстін қызартуды, қытырлақ етуді қажет ететін (мысалы, тауық

етінің кесектері) қалың тағам бөліктері үшін пайдалануға болады.
Микротолқын + конвекция

Бұл функция ет пен құс етінің барлық түрлері, сондай-ақ бұқтырылған

және гратин тағамдар, қопсыма торттар мен жеміс торттары,

бәліштер мен қуырылған көкөніс, шелпек пен нан пісіру үшін қолайлы.
Микротолқын + қуыру

Бұл функция жұқа ет, балық, құс етін, көкөніс түрлерін пісіруге,

сондай-ақ аударыстыруды қажет ептейтін қуырмалар үшін қолайлы.

Көп деңгейде пісіру режимі

Тағамды екі деңгейде пісіруге болатындай етіп, ол ыстық ауамен

қыздырылады.

Жылы ұстау режимі

Астыңғы қыздыру элементі беретін қызудың көмегімен тағам

жылы күйде сақталады. (Тағамды 2 сағаттан артық жылы күйде

ұстамаңыз. Жылы тағам тез бұзылады).

Температура: 70 °C

NQ50C7535DS_WT_DG68-00470C_KZ.indb 22

2013-05-03 �� 2:06:37

Advertising