Пешті пайдалану, Қыздыру жолдары, Микротолқын режимі – Инструкция по эксплуатации Samsung NQ50C7535DS

Страница 173: Пеш режимі

Advertising
background image

пешті пайдалану _21

ПЕШТІ ПАЙДА

ЛАНУ

пешті пайдалану

ҚЫЗДЫРУ ЖОЛДАРЫ

Келесі кестеде осы пешке орнатылған әр түрлі қыздыру режимдері мен

параметрлерге қысқаша шолу жасалған. Рецептеріңіздің барлығы үшін тиісті режим

мен параметрдің түсіндірмесі берілген беттердегі Пісіру нұсқаулығын қолданыңыз.

Микротолқын режимі

Тағам пісіру және жібіту үшін микротолқын қуаты қолданылады.

Бұл тағамның түсі мен пішімін өзгертпей, жылдам және тиімді

пісіретін режим. Әр түрлі тағамға сай келу үшін қуат деңгейі мен

пісіру уақыты қолдан орнатылады.

Пеш режимі

Конвекция режимі

Тағам пештің сол жағы мен оң жағынан келетін ыстық ауа арқылы

қыздырылады. Бұл параметр тағамды біркелкі қыздырады және

кондитерлік тағамдарды пісіруге өте қолайлы.

Ұсынылатын температура: 180 °C
Қуыруға арналған (Конвекция + Үстіңгі) қызу

Ыстық ауа мен үстіңгі қыздырғыш элемент бірігіп, тағамды кітірлек

етіп әрі қызартып пісіруге қолайлы параметрді құрайды. Әсіресе ет

пісіру үшін қолдануды ұсынамыз.

Ұсынылатын температура: 180 °C
Дәстүрлі қыздыру

Қызу үстіңгі және астыңғы қыздырғыш элементтерден келеді. Бұл

параметр кондитер өнімдерін пісіруге және қуыруға сай келеді.

Ұсынылатын температура: 200 °C
Гриль

Тағам үстіңгі қыздырғыш элемент арқылы қыздырылады.

Ұсынылатын температура: 220 °C

Желдеткіш гриль

Үстіңгі қыздырғыш элементтерден бөлінетін қызуды желдеткіш

таратады. Бұл режимді ет пен балықтан гриль жасау үшін

пайдалануға болады.

Ұсынылатын температура: 220 °C
Пицца (Конвекция + Астыңғы қызу)

Ыстық ауа мен астыңғы қыздырғыш элемент бірігіп, тағамды

кітірлек етіп әрі қызартып пісіреді.

Ұсынылатын температура: 180 °C
Қарқынды (Үстіңгі + Астыңғы қызу + Конвекция)

Бұл режим үстіңгі, астыңғы қыздырғыш және конвекция желдеткіші

тәрізді элементтердің барлығын кезек-кезек іске қосады. Қызу пештің

ішіне біркелкі таралады. Бұл режим үлкен гратин және бәліш тәрізді

қызуды қажет ететін көп мөлшердегі тағамды пісіруге қолайлы.

Ұсынылатын температура: 180 °C

NQ50C7535DS_WT_DG68-00470C_KZ.indb 21

2013-05-03 �� 2:06:36

Advertising