Жас көкөністер пісіруге қатысты ақыл-кеңес, 28_ пешті пайдалану – Инструкция по эксплуатации Samsung NQ50C7535DS

Страница 180

Advertising
background image

28_ пешті пайдалану

Жас көкөністер пісіруге қатысты ақыл-кеңес

Қақпағы бар, жарамды шыны пирекс ыдысын қолданыңыз. Егер судың мөлшері

басқаша көрсетілмесе, әрбір 250 г үшін 30-45 мл суық су құюды (2 - 3 ас қасық)

ұсынамыз (кестеге қараңыз). Аз уақыт бетін жауып пісіріңіз (кестеге қараңыз).

Қалаған нәтижеге жету үшін пісіруді жалғастырыңыз. Пісіріп жатқанда, пісіріп

болғаннан кейін бір рет араластырыңыз. Пісіріп болғаннан кейін тұз, шөп немесе

сары май қосыңыз. 3 минут қоя тұрған кезде қақпағын жабыңыз.
Кеңес :

Жас көкөністерді біркелкі етіп тураңыз. Неғұрлым кішірек етіп турасаңыз,

соғұрлым тезірек піседі.

Жас көкөністердің барлығын толық микротолқын қуатымен (900 Вт) пісіру керек.

Тағам

Мөлшері

(г)

Уақыт

(мин)

Қоя тұру

уақыты

(мин)

Нұсқаулар

Брокколи

250

500

4-5

5-6

3

Гүлдерін бірдей-бірдей етіп бөліңіз.

Сабақтарын ортаға қаратып салыңыз.

Брюссель

орамжапырағы

250

5-6

3

60-75 мл (5-6 ас қасық) су қосыңыз.

Сәбіз

250

5-6

3

Сәбіздерді бірдей мөлшерде кесіңіз.

Түрлі-түсті

орамжапырақ

250

500

5-6

7-8

3

Гүлдерін бірдей-бірдей етіп бөліңіз. Үлкен

гүлдерін екіге бөліңіз. Сабақтарын ортаға

қаратып салыңыз.

Кәдіш

250

3-4

3

Кәдішті жапырақтап тураңыз. 30 мл (2 ас қасық)

су құйыңыз немесе бір түйір май салыңыз.

Жұмсақ болғанша пісіріңіз.

Баклажан

250

3-4

3

Баклажанды кішкене етіп жапырақтап турап,

1 ас қасық лимон шырынын себіңіз.

Порей пиязы

250

3-4

3

Порей пиязын қалың етіп жапырақтап тураңыз.

Саңырауқұлақ

125

250

1-2

2-3

3

Бүтін кішкене саңырауқұлақтарды немесе

туралған саңырауқұлақтарды алыңыз.

Су қоспаңыз. Лимон шырынын себіңіз. Тұз,

бұрыш салыңыз. Үстелге суын сорғытқаннан

кейін тартыңыз.

Пияз

250

4-5

3

Пияздарды тураңыз немесе екіге бөліңіз.

Тек 15 мл (1 ас қасық) су қосыңыз.

Бұрыш

250

4-5

3

Бұрышты кішкенелеп бөліңіз.

Картоп

250

500

4-5

7-8

3

Қабығы аршылған картоптың салмағын өлшеп

алып, кішкенелеп екіге немесе төртке бөліңіз.

Кольраби

орамжапырағы

250

5-6

3

Кольраби орамжапырағын кішкене текшелерге

бөліңіз.

NQ50C7535DS_WT_DG68-00470C_KZ.indb 28

2013-05-03 �� 2:06:39

Advertising