Инструкция по эксплуатации Samsung NQ50C7535DS

Страница 162

Advertising
background image

МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ ТАЗАЛАУ

Микротолқынды пештің келесі бөлшектерін май және тағам

қалдықтары жиналып қалмас үшін мерзімді түрде тазалап отыру

керек:

• Ішкі және сыртқы беттері

• Есігі және тығыздағыштары

• Бұрылмалы табақ және айналмалы шығырықтар(Бұрылмалы

табағы бар үлгілерге ғана арналған)

Есік тығыздағыштарының таза екенін, әрі есіктің дұрыс

жабылатын-жабылмайтынын

ӘРҚАШАН тексеріп отырыңыз.

Пешті таза күйде ұстамау беткі қабатының бүлінуіне әкелуі

мүмкін, ал бұл құрылғының жарамдылық мерзіміне кері әсер етуі

және қатерлі жайттың орын алуына себеп болуы мүмкін.

1. Сыртқы беттерін жұмсақ шүберекпен, жылы әрі сабынды сумен

жуыңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.

2. Пештің ішіндегі қалдықтар мен дақтарды сабынды суға

батырылған шүберекпен тазалаңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.

3. Қатып қалған тағам қалдықтарын жұмсарту және жағымсыз иісті

кетіру үшін, бір кесе сұйылтылған лимон шырынын пештің ішіне

қойыңыз да, қуатты ең үлкен мәнге қойып он минут қыздырыңыз.

4. Ыдыс жуғыш машинада жууға болатын табақты қажет кезде

жуыңыз.

Желдеткіш саңылауларға су

ШАШЫРАТПАҢЫЗ. Жеміргіш

заттар немесе химиялық еріткіштерді

ЕШҚАШАН қолданбаңыз.

Есіктің тығыздағыштарын тазалағанда келесіні ескеріңіз:

• Ешбір қоқыс жиналып қалмасын

• Қоқыс есіктің жабылауына кедергі жасамасын

Микротолқынды пештің ішін жұмсақ жуғыш затпен әр қолданып

болған сайын

тазалаңыз, бірақ жарақаттанып қалмас

үшін микротолқынды пешті тазалардың алдында әрқашан

салқындатыңыз.

Пештің төбесін ішкі жағынан тазалау үшін қыздырғыш

элементті 45 ° градусқа төмен түсіріп қойған ыңғайлы

болады.

10_қауіпсіздікке қатысты маңызды нұсқаулар

NQ50C7535DS_WT_DG68-00470C_KZ.indb 10

2013-05-03 �� 2:06:25

Advertising