Жібіту, 32_ пешті пайдалану – Инструкция по эксплуатации Samsung NQ50C7535DS

Страница 184

Advertising
background image

32_ пешті пайдалану

Сұйықтарды және тағамдарды қыздыру
Осы кестедегі қуат мәндері мен уақыттарды тағам қыздыру үшін нұсқау

ретінде қолданыңыз.

Тағам

Мөлшері

Қуат

Уақыт

(мин)

Қоя тұру

уақыты

(мин)

Нұсқау

Сусын

250 мл

(1 шыныаяқ)

500 мл

(2 шыныаяқ)

900 Вт

1½-2

2-3

1-2

Керамика кесеге құйып, бетін жаппай

қыздырыңыз. Кесені керамика

табақтың ортасына қойыңыз. Қоярдың

алдында және содан кейін мұқият

араластырыңыз.

Көже

(салқындатылған)

250 г

900 Вт

3-4

2-3

Шұңғыл керамика табаққа құйыңыз.

Пластик қақпақпен жабыңыз.

Қыздырып болғаннан кейін жақсылап

сапырыңыз. Үстелге тартардың

алдында тағы да сапырыңыз.

Бұқтырылған

тағам

(салқындатылған)

350 г

600 Вт

5-6

2-3

Шұңғыл керамика табаққа құйыңыз.

Пластик қақпақпен жабыңыз.

Қыздырып болғаннан кейін жақсылап

сапырыңыз. Үстелге тартардың

алдында тағы да сапырыңыз.

Тұздық қосылған

макарон

(салқындатылған)

350 г

600 Вт

5-6

2-3

Шұңғыл керамика табаққа құйыңыз.

Пластик қақпақпен жабыңыз.

Қыздырып болғаннан кейін жақсылап

сапырыңыз. Үстелге тартардың

алдында тағы да сапырыңыз.

Табаққа

салынған тағам

(салқындатылған)

350 г

450 г

600 Вт

5-6

6-7

3

2-3 тоңазытылған тағам

қосымшаларынан тұратын тағамды

керамика табаққа салыңыз.

Микротолқынға арналған аспаздық

үлдірмен жабыңыз.

Жібіту

Микротолқындар мұздатылған тағамды жібітуге тамаша жарайды.

Микротолқындар мұздатылған тағамдарды аз уақыт ішінде баппен жібітеді. Бұл

күтпеген жерде қонақ келе қалған жағдайда, сізге үлкен көмек болуы мүмкін.
Мұздатылған құс етін әбден жібітіп барып пісіру қажет. Металл сымдары болса

алып, орамынан шығарып, аққан сұйықты сорғытыңыз.
Мұздатылған тағамды ыдысқа салыңыз, қақпақ жаппаңыз. Орта шегіне

келгенде аударыңыз, сұйығы болса дереу ағызыңыз. Тағамды жиі-жиі тексеріп,

жылып кетпегеніне көз жеткізіңіз. Мұздаған тағамның кішкене және жұқа

бөліктері қыза бастаса, оларды кішкене алюминий жұқалтырдан жасалған

үлдірмен орап қоюға болады.

NQ50C7535DS_WT_DG68-00470C_KZ.indb 32

2013-05-03 �� 2:06:39

Advertising