Қыздыру, Сұйықтарды қыздыру – Инструкция по эксплуатации Samsung NQ50C7535DS

Страница 182

Advertising
background image

30_ пешті пайдалану

Қыздыру

Микротолқынды пеш тағамды әдеттегі конвекция пешінде жұмсалатын

уақыттың аз мөлшерін ғана пайдаланып тағамды лезде қыздырады.
Орналастыру және бетін жабу
Еттің үлкен кесегі тәрізді үлкен тағамдарды қыздырмаңыз, себебі олардың

ішкі жағы піскенше сырты қатты пісіп, кебірсіп қалуы мүмкін. Тағамның

кішкене кесектерін пісірген кезде нәтижесі барынша жақсы болады.

Тағамның бетін жауып қыздырсаңыз, кеуіп кетуіне жол бермейсіз.
Қуат мәндері
Тағамды қыздыру үшін әр түрлі қуат деңгейлерін қолдануға болады.

Жалпы алғанда, көп мөлшердегі баппен пісірілетін тағам немесе жылдам

қызатын бәліш тәрізді тағамдар үшін төмендеу қуат деңгейін қолданыңыз.
Араластыру
Жақсылап араластырыңыз немесе қыздырып жатқан кезде аударыңыз.

Мүмкін болса, үстелге қоярдың алдында тағы да араластырыңыз. Әсіресе

сұйық тағамдарды араластырып қыздырған өте маңызды.
Қыздыру және қоя тұру уақыттары
Тағамды алғаш рет қыздырғанда, сол уақытты бұдан кейін қажет кезде

қарап жүру үшін жазып қойған дұрыс. Қатты қыздырып жібермеңіз. Егер

нақты білмесеңіз, пісіру уақытын азырақ етіп алыңыз. Содан кейін, қажет

болса қосымша қыздыру уақытын қосуға болады. Қыздырылған тағамның

әрқашан ыстық буы бұрқырап тұрғанына көз жеткізіңіз. Тағамды қыздырып

болғаннан кейін, тағам бойындағы температура біркелкі таралу үшін

біраз уақыт қоя тұрыңыз. Қыздырып болғаннан кейін 2-4 минут қоя тұруды

ұсынамыз.

Сұйықтарды қыздыру

Сұйықтарды қыздырған кезде өте абай болыңыз. Қатты қайнап тасып

төгіліп кетпес үшін сусынға қасық немесе шыны таяқша салыңыз.

Қыздырып жатқанда және қыздырып болғаннан кейін де әрқашан

араластырыңыз. Температура тағам бойына біркелкі тарау үшін пешті

сөндіргеннен кейін тағамды кем дегенде 20 секунд қоя тұрыңыз.

NQ50C7535DS_WT_DG68-00470C_KZ.indb 30

2013-05-03 �� 2:06:39

Advertising