Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H7750WM

Страница 89

Advertising
background image

25

- Қазақша

Параметрлер

Қазір жаңарту

Желі қосылымдары арқылы немесе USB флеш-
дискісін пайдалану арқылы бағдарламалық
құралды жаңарту үшін, Қазір жаңарту мүмкіндігін
пайдалануға болады. Төменде желі нұсқаулары
берілген. USB флеш-дискісі туралы нұсқаулар осы
бетте берілген.

1. Қазір жаңарту тармағын таңдап,

OK

түймесін

басыңыз. «Қазір жаңарту» қалқымалы терезесі
пайда болады.

2. Өнім бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын

желіден іздейді.

3. Егер ол жаңартуды таппаса, «Сіз үшін әзірше

жаңартулар жоқ.» қалқымалы терезесі пайда
болады. Шығу үшін

OK

түймесін басыңыз.

4. Жаңа нұсқасы табылған жағдайда «Жаңартуды

сұрау» қалқымалы терезесі пайда болады.

5. OKтүймесін таңдаңыз. Өнім бағдарламалық

құралды жаңартып, автоматты түрде өшеді де,
қайта қосылады.

6. Бір минут ішінде OK немесе Болдырмау

түймесін таңдасаңыз, өнім жаңа бағдарламалық
құралды сақтайды. Бағдарламалық құралды
Автоматты жаңарту түймесін пайдаланып
кейінірек жаңартуға болады.

7. Болдырмау параметрін таңдасаңыз, өнім

жаңартуды тоқтатады.

Жүйені жаңарту процесі аяқталғанда, бағдарламалық
құрал туралы толығырақ мәліметтерді «Samsung
комп-на хабарласу» экранындағы «Өнім туралы
ақпарат» бөлімінен қарап алыңыз.

Бағдарламалық құрал жаңартылып жатқанда,
өнімді өшірмеңіз. Өнім бұзылып қалуы мүмкін.

Автоматты жаңарту

Автоматты жаңарту функциясын өнім Автоматты
жаңарту режимінде болғанда жаңа жаңарту
бағдарламалық құралын жүктейтіндей етіп реттеуге
болады.
Автоматты жаңарту режимінде өнім қосулы,
бірақ Интернет қосылымы белсенді болады. Бұл
өнімді пайдаланып жатпағанда өнімге жаңарту
бағдарламалық құралын автоматты түрде жүктеуге
мүмкіндік береді.

1.

78 түймелерін Автоматты жаңарту режимін
таңдау үшін басып,

OK

түймесін басыңыз.

2. Қосу немесе Сөндіру күйін таңдаңыз.

Қосу параметрі таңдалса, өнім қуаты қосулы
күйде автоматты жаңарту режимінде тұрғанда,
жаңа бағдарламалық құралды автоматты түрде
жүктейді. Жаңа бағдарламалық құрал жүктеп
алынса, өнімді қосқанда, жаңартуды орнату
қажеттілігі сұралады.

Автоматты жаңарту функциясын пайдалану
үшін өнім интернетке қосылған болу керек.

USB арқылы жаңарту

1. Мына сайтқа кіріңіз: www.samsung.com.

2. Беттің жоғарғы оң жағындағы SUPPORT

түймесін басыңыз.

3. Іздеу өрісіне өнім үлгісінің нөмірін енгізіңіз.

Үлгі нөмірін енгізгеннен кейін ашылмалы тізім
үлгі нөміріне сәйкес өнімдерді көрсетеді.

4. Ашылмалы тізімдегі өнім үлгісінің нөмірін

тінтуірдің сол жағымен басыңыз.

5. Ашылған бетте төмен қарай жылжып, Firmware

Manuals & Downloads түймесін басыңыз.

6. Беттің ортасындағы Firmware түймесін

басыңыз.

7. Беттің оң жағындағы «Файл бағанында» ZIP

түймесін басыңыз.

8. Пайда болған бірінші қалқымалы терезеде

Send түймесін басыңыз. Микробағдарламаны
компьютерге жүктеу және сақтау үшін пайда
болған екінші қалқымалы терезеде OK
түймесін басыңыз.

9. Қысылған файлды компьютерде шығарыңыз.

Атауы zip файлымен бірдей қалта пайда болу
керек.

10. Қалтаны USB флеш-дискісіне көшіріңіз.

11. Өнімге диск салынбағанын тексеріңіз де, USB

флеш-дискісін өнімнің USB портына салыңыз.

12. Өнімнің мәзірінде Параметрлер > Қолдау >

Бағдарламалық қамт-ды жаңарту тармағына
өтіңіз.

13. Қазір жаңарту түймесін таңдаңыз.

14. Өнім бағдарламалық құралды USB дискісінен

іздейді. Бағдарлама табылған жағдайда
«Жаңартуды сұрау» қалқымалы терезесі пайда
болады.

15. OK түймесін таңдаңыз. Өнім бағдарламалық

құралды жаңартып, автоматты түрде өшеді де,
қайта қосылады.

16. USB ұясы арқылы бағдарламалық құралды

жаңартқанда, өнімге диск салмау керек.

Жүйені жаңарту процесі аяқталғанда,
бағдарламалық құрал туралы толығырақ
мәліметтерді «Samsung комп-на хабарласу»
экранындағы «Өнім туралы ақпарат» бөлімінен
қарап алыңыз.

Бағдарламалық құрал жаңартылып жатқанда,
өнімді өшірмеңіз. Өнім бұзылып қалуы мүмкін.

USB ұясын пайдаланып бағдарламалық құралды
жаңарту тек USB флеш-дискісінің көмегімен
орындалуы керек.

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 25

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 25

2014-05-15 11:17:15

2014-05-15 11:17:15

Advertising