Желі параметрлерін орнату, Желі қосылымын конфигурациялау, Параметрлер – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H7750WM

Страница 85

Advertising
background image

21

- Қазақша

Параметрлер

Желі параметрлерін орнату

Осы өнім желіге қосылғанда Smart Hub және BD-
LIVE сияқты желіге негізделген бағдарламалар
мен функцияларды қолдануға және өнімнің
бағдарламалық құралын желілік қосылым арқылы
жаңартуға болады. Интернет қызметтеріне кіру
және оларды пайдалану туралы толық ақпаратты
осы нұсқаулықтың 42-49 беттеріндегі «Желілік
қызметтер» тарауынан қараңыз. Желі қосылымын
конфигурациялауға арналған нұсқаулар төменде
берілген.

Желі қосылымын конфигурациялау

Егер желі қосылымын бастапқы параметрлер
процедурасы кезінде конфигурацияламаған
болсаңыз немесе желі қосылымын қалпына келтіру
қажет болса, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

Жұмысты бастамас бұрын, Интернет қызметін
жеткізушіге хабарласып, IP мекенжайының тұрақты
немесе динамикалық екенін анықтап алыңыз.
Динамикалық болса және сізде сымды немесе
сымсыз желі болса, төменде келтірілген Автоматты
түрде конфигурациялау іс рәсімдерін пайдалануды
ұсынамыз.

Егер сымды желіге қосылсаңыз, реттеу
процедурасын бастамастан бұрын өнімді жергілікті
желі кабелін пайдаланып маршрутизаторға
қосыңыз.

Желілік байланысты реттеуді бастау үшін мына
қадамдарды орындаңыз:

1. Басты экранда Параметрлер тармағын таңдап,

OK

түймесін басыңыз.

2. Желі тармағын таңдап,

OK

түймесін басыңыз.

3. Желі параметрлері тармағын таңдап,

OK

түймесін басыңыз.

4. Төмендегі сымды желілерге арналған

нұсқауларға немесе 22-беттен басталатын
сымсыз желілерге арналған нұсқауларға өтіңіз.

Сымды желі

❏ Сымды – Автоматты
Жоғарыдағы 1-3 қадамдарын орындағаннан кейін:

1. Желі параметрлері экранында Желі түрі

параметрін Сымды параметріне өзгертіңіз.
Одан кейін Қосу тармағын таңдап,

OK

түймесін

басыңыз. Өнім сымды қосылымды анықтап,
желі қосылымын тексереді де, одан кейін
желіге қосылады.

2. Аяқтағаннан кейін OK опциясын бөлектеп,

OK

түймесін басыңыз.

❏ Сымды - Қолмен
Сізде статикалық IP мекенжайы болса немесе
автоматты процедурасы жұмыс істемесе, Желі
параметрлері мәндерін қолмен орнату қажет
болады.

Жоғарыдағы 1-3 қадамдарын орындағаннан кейін:

1. Желі параметрлері экранында Желі түрі

параметрін Сымды параметріне өзгертіңіз.
одан кейін Қосу тармағын таңдап,

OK

түймесін

басыңыз.Өнім желіні іздеп, одан кейін қосылым
орнатылмады хабарын көрсетеді.

Үй кинотеатрын желіге сымсыз қосу мүмкін
болса, Желіні өзгерту параметрін осы жерде
таңдаңыз, Желі түрі параметрін Сымсыз
параметріне өзгертіңіз, одан кейін келесі беттегі
сымсыз желілер бойынша нұсқауларға өтіңіз.

Желі параметрлері

Сымды желі байланысы сәтсіз болды.

MAC мекенжайы

XX:XX:XX:XX:XX:XX

IP мекенжайы

0. 0. 0. 0

Ішкі желі қалқаны

0. 0. 0. 0

Көмей

0. 0. 0. 0

DNS сервер

0. 0. 0. 0

Желіге қосылмады. Мына әрекеттерді жасап көріңіз: «IP параметрлері» ішінде
IP мекенжайы дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Толық ақпарат алу үшін,
Интернет провайдеріне хаб-з.

Желіні өзгерту

IP прм-лері

Қайтал.

Жабу

2.

:; түймелері арқылы IP прм-лері тармағын
таңдап,

OK

түймесін басыңыз. IP прм-лері

экраны ашылады.

3. IP парам-рі өрісін таңдап, оны Қолмен енгізу

параметріне реттеңіз.

4. Енгізу үшін (мысалы, IP мекенжайы)

параметрін таңдап,

OK

түймесін басыңыз.

Қашықтан басқару құралындағы

78

түймелерін пайдаланып, параметр үшін
сандарды енгізіңіз. Немесе сандық пернетақта
арқылы параметр санын енгізіңіз.Экранда
сандық пернетақта пайда болғанша 123
түймесін басып тұрыңыз. Сандық пернетақта
пайда болған кезде

78:; түймесі арқылы

санды таңдап,

OK

түймесін басыңыз. Параметр

ішінде жазба өрісінен жазба өрісіне жылжу
үшін қашықтан басқару құралындағы

:;

түймелерін пайдаланыңыз. Бір параметрді
болғаннан кейін

OK

түймесін басыңыз.

5. Басқа параметрге өту үшін

7 немесе 8

түймесін басыңыз, одан кейін 4-қадамдағы
нұсқауларды орындау арқылы сол параметр
үшін сандарды енгізіңіз.

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 21

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 21

2014-05-15 11:17:12

2014-05-15 11:17:12

Advertising