Қосылымдар, Динамиктерді қосу – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H7750WM

Страница 72

Advertising
background image

8

- Қазақша

Қосылымдар

Бұл бөлімде өнімді басқа сыртқы құрамдас бөліктерге қосудың әр түрлі әдістері сипатталған. Өнімді
жылжытпас немесе орнатпас бұрын, қуаттың және қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз.

Динамиктерді қосу

Көлемді (L)

Көлемді (R)

Өнім

Ортаңғы

Сабвуфер

Сымсыз қабылдағыш

модуль

Алдыңғы/Жоғары

алдыңғы (L)

Алдыңғы/Жоғары

алдыңғы (R)

Өнімнің орны

Оны тірекке немесе шкафтың
сөресіне не болмаса ТД үстелінің
астына қойыңыз.

Тыңдау орнын таңдау

Тыңдау орны теледидар экранының
өлшемінен 2,5-3 есе үлкен ара
қашықтықта болуы қажет. Мысалы,
экранның өлшемі 46 дюйм болса,
тыңдау орнын экраннан 2,92-3,50
метрге орналастырыңыз.

Алдыңғы/жоғары

алдыңғы динамиктер

Бұл динамиктерді тыңдау орнының алдына, сізге қарай ішке қаратып
(шамамен 45°) орналастырыңыз. Алдыңғы динамиктерді жоғары жиілік дауыс
зорайтқыштары құлағыңызбен бір биіктікте болатындай орналастырыңыз.
Алдыңғы динамиктердің алдыңғы жағын ортаңғы динамиктің алдыңғы жағына
дәлдеп немесе одан сәл алға шығарып орналастырыңыз.

Ортаңғы динамик

Ортаңғы Динамикті алдыңғы динамиктермен бір биіктікте орнатқан дұрыс.
Сондай-ақ, оны теледидардың дәл үстіне немесе астына орнатуға болады.

Көлемді динамиктер

Бұл динамиктерді тыңдау орнының жанына орналастырыңыз. Орын жетпесе,
бұл динамиктерді бір-біріне қаратып орналастырыңыз. Оларды сәл төмен
қаратып, құлағыңыздан 60-90 см ара қашықтықта орналастырыңыз.

* Алдыңғы және ортаңғы динамиктерге қарағанда, көлемді динамиктер

көбінесе дыбыс әсерлері үшін қолданылады. Олардан әрдайым дауыс
шықпайды.

Сабвуфер

Сабвуфердің орны аса маңызды емес. Оны қалаған жерге қойыңыз.

*

Көлемді динамиктер сымсыз қабылдағыш модуліне жалғанған болуы тиіс.

*

Динамиктердің сыртқы түрі осы нұсқаулықтағы суреттерден кішкене өзгеше болуы мүмкін.

*

Әр динамиктің артында немесе астыңғы жағында түсті жапсырма болады. Әр кабельдің ұшына
жақын жерде бір түсті таспа орналасады. Әр кабельдің таспасын динамиктің жапсырмасына түсі
бойынша сәйкестендіріп, жалғаңыз. Нақты нұсқауларды 9-беттен қараңыз.

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 8

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 8

2014-05-15 11:17:00

2014-05-15 11:17:00

Advertising