Параметрлер – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H7750WM

Страница 82

Advertising
background image

18

- Қазақша

Параметрлер

Динамикалық диапазонды бақылау

Динамикалық диапазонды бақылау мүмкіндігін
Dolby Digital, Dolby Digital Plus және Dolby
TrueHD аудио жүйесіне қолдануға мүмкіндік
береді.

 Авто: Dolby TrueHD дыбыс жолындағы

ақпарат негізінде Dolby TrueHD дыбысының
динамикалық диапазонын автоматты түрде
басқарады. Сондай-ақ, Dolby Digital және
Dolby Digital Plus үшін динамикалық диапазон
басқаруын өшіреді.

 Өшіру: динамикалық диапазонды қыспай,

бастапқы дыбысты естуге мүмкіндік береді.

 Қосу: барлық үш Dolby пішімі үшін

динамикалық диапазон бақылауын қосады.
Әлсіз дыбыстар күшейтіледі және қатты
дыбыстардың деңгейі төмендетіледі.

Төмендету режимі

Стерео жүйемен үйлесімді бірнеше арналы
араластыру әдісін таңдауға мүмкіндік береді.
Өнімді төмен араластыруды Қалыпты стерео
немесе Көлемді дыбыспен үйлесімді
параметріне реттеуді таңдауға болады.

Аудио синхр.

Өнім сандық теледидарға тіркелгенде, дыбыс
бейнемен синхрондалуы үшін бейне кідірісін
реттеуге мүмкіндік береді. Кідірісті 0 және 300
миллисекунд арасында орнатуға болады.

Аудио синхр. ішіндегі Авто функциясының
ARC функциясын (Anynet+ функциясын)
қолдайтын Samsung теледидарымен жұмыс
істейтініне кепілдік берілген.

Желі

Желі күйі

Ағымдағы желі және Интернет күйін тексеруге
мүмкіндік береді.

Желі параметрлері

Интернет қызметтері немесе AllShare Wi-
Fi мүмкіндігі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерді
пайдалану және бағдарламалық құралды жаңарту
үшін желі қосылымын конфигурациялауға
мүмкіндік береді.

Wi-Fi Direct

Сымсыз маршрутизаторсыз, тең құқылы желі
арқылы Wi-Fi Direct құрылғысын өнімге қосуға
мүмкіндік береді. Өнім сымсыз желіге қосылған
болса, Wi-Fi Direct байланысын қолданғанда ол
ажыратылуы мүмкін екенін ескеріңіз. (23-бетті
қараңыз)

Wi-Fi Direct функциясы қолданылып
жатқанда, .TXT немесе .DOC кеңейтімі
бар файлдар сияқты мәтіндік файлдар
көрсетілмейді.

Мультимедиа құрылғы параметрлері

Желідегі смартфон мен планшеттер сияқты
басқа құрылғылардың өніммен мазмұнды бөлісе
алуына мүмкіндік береді.

Құрылғы атауы

Өнімге анықтамалық атау тағайындауға
мүмкіндік береді. Бұл атауды өнімге сыртқы Wi-
Fi құрылғыларын (смартфондар, планшеттер, т.б.)
қосқанда, оны анықтау үшін пайдалана аласыз.

BD-Live параметрлері

Түрлі BD-Live функцияларын орнатуға мүмкіндік
береді. BD-Live функциясы Интернетке қосылып
отырсаңыз, кейбір Blu-ray дискілерінде болатын
қосымша мүмкіндіктерге қол жеткізуге мүмкіндік
береді.

 BD-Live интернет қосылымы : BD-Live

интернет қосылымына толығымен рұқсат
беруге, жартылай рұқсат беруге немесе тыйым
салуға мүмкіндік береді.

 BD деректерді басқару : BD-Live қызметінен

немесе Blu-ray дискінен жүктелген BD
деректерін басқарады.

BD-Live функциясын пайдалану үшін USB
сақтау құрылғысын үй кинотеатрының USB
портына қосу керек.

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 18

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 18

2014-05-15 11:17:11

2014-05-15 11:17:11

Advertising