Қосымша, Ақаулықтарды жою – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H7750WM

Страница 122

Advertising
background image

58

- Қазақша

Қосымша

Ақаулықтарды жою

Осы өнім дұрыс жұмыс істемегенде, төмендегі кестені қараңыз. Егер орын алған мәселе төменде берілмеген болса
немесе төмендегі нұсқаулар көмектеспесе, құрылғыны өшіріп, қуат сымын суырыңыз да, ең жақын өкілетті дилерге
немесе Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Белгі

Тексеру/шешімі

Диск шығарылмайды.

• Қуат сымы розеткаға мықтап жалғанған ба?

• Қуатты ажыратып, қайта қосыңыз.

Ойнатылу басталмайды.

• Blu-ray/DVD дискісінің аймақ нөмірін тексеріңіз. Шетелден сатып алынған Blu-

ray/DVD дискісі ойнатылмауы мүмкін.

• Бұл өнімде CD-ROM және DVD-ROM дискілері ойнатылмайды.

• Рейтинг деңгейінің дұрыс екенін тексеріңіз.

Ойнату

5 түймесін

басқанда автоматты
түрде басталмайды.

• Пішіні бұзылған немесе беті сызылған диск қолданылып жатқан жоқ па?

• Дискіні тазалап сүртіңіз.

Дыбысы жоқ.

• Үй кинотеатры жылдам ойнату, жай ойнату және қадамдық ойнату кезінде

дыбысты шығармайды.

• Динамиктер дұрыс жалғанған ба? Орнатылған динамик дұрыс бапталған бе?

• Диск қатты зақымданған ба?

Дыбыс барлық 8
динамиктен емес, тек бір-
екі динамиктен шығады.

• Кейбір Blu-ray/DVD дискілерінде дыбыс тек алдыңғы динамиктер арқылы

шығады.

• Динамиктердің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.

• Дыбысты реттеңіз.

• Дыбысты ықшам дискінен, радиодан немесе теледидардан ойнатқанда өнім

дыбысты тек алдыңғы динамиктерден шығарады.

Dolby Digital 7.1
арналы көлемді дыбыс
берілмейді.

• Дискіде «Dolby Digital 7.1 CH» белгісі бар ма? Dolby Digital 7.1 арналы көлемдік

дыбыс диск 7.1 арналы дыбыспен жазылғанда ғана шығарылады.

• Ақпараттық экранда дыбыс тілі Dolby Digital 7.1-CH етіп дұрыс орнатылған ба?

Қашықтан басқару
құралы жұмыс істемейді.

• Қашықтан басқару құралын оның жұмыс ауқымында және сенсорға қатысты

дұрыс бұрышта пайдаланып отырсыз ба?

• Батареялардың заряды бітті ме?

Диск айналып жатыр,
бірақ бейне жоқ.

Сурет сапасы нашар
және дірілдейді.

• Теледидардың қуаты қосылған ба?

• Бейне кабельдері дұрыс жалғанған ба?

• Диск лас немесе зақымдалған ба?

• Нашар жасалған диск ойнатылмауы мүмкін.

Дыбыс тілі және
субтитрлер істемейді.

• Дыбыс тілі және субтитрлер дискінің құрамында болмаса жұмыс істемейді.

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 58

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 58

2014-05-15 11:17:42

2014-05-15 11:17:42

Advertising