Фотосурет мазмұндарын ойнату – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H7750WM

Страница 103

Advertising
background image

39

- Қазақша

Мазмұнды Ойнату

Фотосурет мазмұндарын
ойнату

DVD, USB, ұялы құрылғыда немесе компьютерде
орналасқан фотосурет мазмұндарын ойнатуға
болады.

Құралдар мәзірін пайдалану

Фотосуреттерді көрсету кезінде қашықтан басқару
құралындағы

TOOLS

түймесін басыңыз.

Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы
Параметрлер(

T) тармағын таңдаңыз да,

OK

түймесін басыңыз Құралдар мәзірінің ашылмалы
тізімі көрсетіледі.

Слайд көрс-нің парам-рі

 Жылдамдық : слайд көрсетілімінің

жылдамдығын орнату үшін таңдаңыз.

 Әсерлер : слайд көрсетілімінің арнайы

әсерлерін орнату үшін таңдаңыз.

Бұру

Суретті бұру үшін таңдаңыз. (Бұл суретті сағат тілі
бойынша немесе оған қарсы бұрады.)

Масштабтау

Ағымдағы суретті үлкейту үшін таңдаңыз. (4 есеге
дейін үлкейтеді)

Сурет режимі

 Динамикалық : айқындықты арттыру үшін

таңдаңыз.

 Стандартты : ең көп қаралатын қолданбалар

үшін таңдаңыз.

 Фильм : бұл — фильмдерді көруге арналған

ең жақсы параметр.

 Пайдаланушы : айқындық пен шуды азайту

функциясын тиісінше реттеуге мүмкіндік береді.

Фондық әуен

Слайд шоуды көру кезінде музыканы тыңдау үшін
таңдаңыз.

Эквалайзер режимі

Эквалайзерді пайдалану үшін Қосу параметріне
орнатыңыз. Эквалайзер параметрлерін
пайдаланып жеке дыбыс параметрлерін реттеңіз.

Эквалайзер параметр.

Бұл функция тек Эквалайзер режимі үшін Қосу
параметрі таңдалғанда қол жетімді болады.

Жіберу

Таңдалған файлдарды желідегі тораптарға
(Picasa, Facebook, т.б.) немесе құрылғыға
жүктеп қою үшін Жіберу параметрін таңдаңыз.
Желідегі торапта Жіберу функциясын пайдалану
үшін, сол торап үшін есептік жазба орнатып, Log
In (Кіру) функциясын пайдаланып оған кіруіңіз
керек. Жіберу функциясы негізінен музыка,
фотосуреттер және бейнелер үшін бірдей жұмыс
істейді. Жалпы нұсқауларды 40-беттегі «Жіберу
функциясын пайдалану» бөлімінен көріңіз.

Ақпарат

Сурет ақпаратын көрсетеді.

Диск түріне немесе жад құрылғысына байланысты
Параметр. мәзірі әртүрлі болуы мүмкін. Барлық
параметрлер көрсетілмеуі мүмкін.

Фондық әуен функциясын қосу үшін, фотосурет
файлы музыка файлымен бір жад құрылғысында
болуы тиіс. Дегенмен, дыбыс сапасына MP3
файлының бит жылдамдығы, фотосуреттің өлшемі
және кодтау әдісі әсер етуі мүмкін.

Субтитрді және КГ графикасын толық экран
режимінде үлкейтуге болмайды.

Фотосурет файлдарының тізімі
көрсетілгенде Сұрыптау реті және
Параметр. мәзірлерін пайдалану

Тек фотосуреттерді көрсету үшін Сүзгі(

)

функциясын, содан кейін Фотосурет-р тармағын
таңдаңыз.

Өнім барлық мазмұн түрлерін қамтитын
қалталарды көрсеткенімен, ол тек таңдалған
мазмұн түріне жататын файлдарды көрсетеді.
Мысалы, Фотосурет-р тармағын таңдаған
болсаңыз, тек фотосурет файлдарын көре
аласыз.

Фотосурет файлдарының тізімі көрсетілген экранда
78:; түймелерін пайдаланып жоғарғы оң
жақтағы Сұрыптау реті немесе Параметр.
тармағын таңдаңыз да,

OK

түймесін басыңыз.

Фотосурет-р

Сұрыптау реті

 Күн

Мультимедиадағы немесе жад құрылғысындағы
барлық фотосурет файлдарын күні бойынша
топтастырады. Сол топтағы фотосуреттерді
көрсету үшін топты басыңыз.

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 39

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 39

2014-05-15 11:17:26

2014-05-15 11:17:26

Advertising