Мазмұнды ойнату – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H7750WM

Страница 102

Advertising
background image

38

- Қазақша

Мазмұнды Ойнату

Bluetooth қосылым режимінде Bluetooth
қосылымы үй кинотеатры жүйесі мен Bluetooth
құрылғысының арасындағы қашықтық 10
метрден асып кеткен жағдайда жоғалады.
Bluetooth құрылғысы қайтадан тиімді ауқымға
келгенде немесе Bluetooth құрылғысын қайта
іске қосқанда, қайта қосылу үшін құрылғыны
және үй кинотеатрын жұптастыру керек.

Bluetooth режимінде Bluetooth құрылғысы
дайын күйінде 5 минут бойы қалса, экран
қорғауышы іске қосылады. Bluetooth
құрылғысын қайта қосу үшін экран қорғауышын
өшіріңіз де, құрылғыны қосыңыз. Экран
қорғауышын өшіру үшін қашықтан басқару
құралында кез келген түймені (Дыбыс деңгейі
түймесі,

78:; түймелері, т.б.) басыңыз.

Bluetooth қуатын пайдалану

Үй кинотеатры өшірулі болғанда бұрын қосылған
смарт құрылғысын өнімге Bluetooth арқылы қосу
себебінен үй кинотеатры іске қосылуы мүмкін.

Жылдам бастау функциясы жұмыс істеу үшін
үй кинотеатры ток көзіне жалғанған болуы
керек.

Бұл функцияны пайдалану мақсатында
Параметрлер > Жүйе > Жылдам бастау үшін
Қосу параметрін орнатыңыз.

Бұл функцияны пайдалану үшін, үй кинотеатры
мен смарт құрылғы арасындағы Bluetooth
қосылымы бұрын орнатылған болуы керек және
үй кинотеатры смартфонның белгілі Bluetooth
құрылғылары тізіміне кіруі керек.

1. Бұрын қосылған смарт құрылғыңызды

өнімге Bluetooth функциясы арқылы
қосыңыз. (Bluetooth қосылыстары туралы
ақпаратты смарт құрылғының пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз.)

2. Жалғанғаннан кейін, үй кинотеатры автоматты

түрде өзін BT режимінде іске қосады.

• Смарт құрылғыдан ойнату керек музыканы

таңдаңыз.

NFC функциясын пайдалану

Bluetooth арқылы NFC үйлесімді құрылғыны
қарапайым орнатудың осы іс рәсімін қолданып үй
кинотеатрына жалғаңыз. Смартфондағы музыканы
үй кинотеатры арқылы ойнатуға болады.

1. Смартфонда NFC қызметін қосып,

смартфондағы экранды құлыптау
функциясының өшіп тұрғанын тексеріңіз.
Экранды құлыптау қосылып тұрса,
смартфонның NFC функциясы жұмыс істемейді.

2. NFC қызметіне қолдау көрсететін құрылғыны

үй кинотеатрының үстіндегі NFC логотипіне

жайлап тигізіңіз.

• Үй кинотеатры өшіп тұрса, ол автоматты

түрде қосылады.

3. Смартфонда Bluetooth қосылымымен

жалғастыру қажеттілігі сұралатын қалқымалы
терезе пайда болады. «Иә» жауабын таңдаңыз.

• Қосылым аяқталғанда, «қосылды» харабы

көрсетіледі.

4. NFC құрылғысын ажырату үшін, оны үй

кинотеатрының үстіңгі панеліне қайтадан
тигізіңіз.

• Алғашқы смартфон әлі де қосылып

тұрғанда, басқа NFC құрылғысын қосу үшін,
сол құрылғыны үй кинотеатрының үстіңгі
панеліне жанастырыңыз. Үй кинотеатры
бірінші смартфонды ажыратады да, екінші
смартфонға жалғайды.

NFC функциясы Android OS 4.1 Jellybean немесе
одан кейінгі нұсқадағы операциялық жүйемен
жұмыс істейтін Android құрылғыларында
кірістірілген.

- Құрылғы Android OS 4.1 Jellybean

операциялық жүйесінен бұрынғы Android
операциялық жүйесімен жұмыс істейтін
болса, NFC функциясын қолдану үшін
Android дүкенінің торабынан «Samsung
NFC Connection» бағдарламасын жүктеп алу
қажет.

Әр смартфондардағы NFC антеннасының
орналасуы әр түрлі болады. NFC антеннасының
орналасқан жерін қоспас бұрын, тексеріңіз.
Қосылу алдында ұялы телефонның пайдаланушы
нұсқаулығынан антеннаның орныны тексеріп
алыңыз.

Егер смартфон қалың қаптамамен жабылған
болса, қосылым орындалмауы мүмкін.

NFC Forum, Inc.
компаниясының АҚШ-тағы және
басқа елдердегі сауда белгісі
немесе тіркелген сауда белгісі
болып табылады.

Bluetooth қосылымына арналған
NFC тегі қуатты қосу және өшіру
кезінде орнатылмайды.

Bluetooth қосылымына арналған
NFC тегі батарея көрсеткіші жыпылықтап тұрған
кезде жұмыс істемейді.

Note2

S3/S4

Note3

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 38

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 38

2014-05-15 11:17:25

2014-05-15 11:17:25

Advertising