Желі қызметтері, Параметрлер мәзірін пайдалану – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H7750WM

Страница 112

Advertising
background image

48

- Қазақша

Желі қызметтері

Қалқымалы пернетақтадағы параметрлер

Қалқымалы пернетақта параметрлеріне қол жеткізу
үшін пернетақтаның төменгі сол жағындағы

түймесін бөлектеңіз де,

OK

түймесін басыңыз.

Тіл

Пернетақта тілін таңдаңыз. Ағылшын, француз,
орыс, т.б. тілдерді таңдауға болады.

Ұсынылған мәтін

Мәтінді енгізіп жатқанда пернетақта ұсынылатын
сөздерді шығарады. Бұл функцияны Қосу немесе
Сөндіру параметріне орнатуға болады.

Ұсынылған мәтіндік деректерді қалпына

келтіру

Бастапқы қалпына келтіру Samsung
пернетақтасының жадын өшіреді. Samsung
пернетақтасы сіздің жазу мәнеріңіз туралы есте
сақтаған мәліметтердің барлығын, соның ішінде
пайдаланылған кез келген жаңа сөздерді жою
үшін OK параметрін таңдаңыз.

Келесі әріпті болжау

Әріптерді енгізіп жатқанда пернетақта келесі
әріпті болжайды. Болжаулар жаңа ғана енгізген
әріптің айналасындағы сақинада пайда болады.
Болжанған әріпті таңдауға немесе басқа әріпке
жылжуға болады. Бұл функцияны Қосу немесе
Сөндіру параметріне орнатуға болады.

Екпінді таңба көрінісі

Әріптерді екпін таңбаларымен теру керек болса,
осыны таңдаңыз.

Параметрлер мәзірін пайдалану

Параметрлер мәзірінде браузердің жұмысын және
браузердің қауіпсіздік функцияларын басқаратын
функциялар бар. Параметрлер мәзірін ашу үшін
басқару тақтасындағы

белгішесін бөлектеңіз

де,

OK

түймесін басыңыз. Параметрлер мәзірінде

параметрді таңдау үшін параметрді бөлектеңіз де,

OK

түймесін басыңыз.

http://www.samsung.com

Сүйреуді қосу

Мақұлданған сайттар

Жеке шолу қосулы

Іздеу механизмін орнату

Веб-шолғыш параметрі

Анықтама

Жабу

100%

Сүйреуді қосу/ажырату

Сүйреу функциясын қосады және өшіреді.
Сүйреу функциясы қосылып тұрғанда жылжыту
жолағын сүйреусіз веб-бетті жоғары және төмен
жылжытуға болады.
Сүйреу функциясы тек меңзермен шолу кезінде
қол жетімді.

Мақұлданған сайттар

Тек сіз тіркеген веб-сайттарға кіруге рұқсат
ету арқылы балалардың рұқсат етілмеген веб-
беттерге кіруін шектеуге мүмкіндік береді.
Осы функцияны пайдаланған сайын PIN экраны
ашылады. Экранда сандық пернетақта пайда
болғанша 123 түймесін басып тұрыңыз. Сандық
пернетақта пайда болған кезде

78:; түймесі

арқылы санды таңдап,

OK

түймесін басыңыз.

Осы функцияға алғаш кірген кезде әдепкі 0000 PIN
кодын енгізіңіз.
PIN кодты Мақұлданған сайттар функциясына
арналған «Құпия сөзді қайта орнату» пәрменін
пайдаланып өзгертуге болады. Төменді қараңыз.

 Мақұлданған сайттар мүмкіндігі : рұқсат

етілген тораптар функциясын қосады немесе
өшіреді.

 Мақұл. сайт ү/н құп. сөз. қайта орнат-з :

рұқсат етілген тораптардың құпия сөздерін
өзгертеді.

 Ағ. сайтты қосу : рұқсат етілген тораптар

тізіміне қазір көрсетілген веб-торапты қосуға
мүмкіндік береді.

 Мақұлданған сайттарды басқару :

Мақұлданған сайттар тізіміне қосу не одан
жою үшін URL мекенжайларын енгізуге
мүмкіндік береді. Бұл функцияны іске қоссаңыз
және Мақұлданған сайттар тізіміне ешбір
торап қоспаған болсаңыз, ешбір Интернет
торабына кіре алмайсыз.

Жеке шолу қосулы/өшірулі

Құпиялылық режимін қосады немесе ажыратады.
Құпиялылық режимі қосылып тұрғанда
браузер кірген тораптардың URL мекенжайын
сақтамайды. Құпиялылық режимді қосу қажет
болса, OK түймесін таңдаңыз.
Құпиялылық режимі іске қосылып тұрса, экранның
жоғарғы жағында URL мекенжайының алдында
«Тоқтату» белгішесі пайда болады. Құпиялылық
режимін ажырату үшін Құпиялық режимі қосылып
тұрғанда оны қайтадан таңдау керек.

Іздеу механизмін орнату

Қажетті іздеу механизмін орнатуға болады.

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 48

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 48

2014-05-15 11:17:37

2014-05-15 11:17:37

Advertising