Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H7750WM

Страница 101

Advertising
background image

37

- Қазақша

Мазмұнды Ойнату

• Үй кинотеатрының тиімді қабылдау ауқымы

ешқандай кедергі болмаған жағдайда барлық
бағыттарда 10 метрге дейін жетеді. Құрылғы
бұл ауқымнан тыс болса, қосылым автоматты
түрде үзіледі. Осы ауқым ішінде болғанда да,
дыбыс сапасы қабырғалар немесе есіктер сияқты
кедергілер арқылы төмендеуі мүмкін.

• Бұл сымсыз құрылғы жұмыс істеу кезінде электр

кедергілерін тудыруы мүмкін.

Үй кинотеатрын Bluetooth құрылғысына

қосу

Қосу

Bluetooth құрылғысы

Бастамай тұрып, Bluetooth құрылғысы Bluetooth
үйлесімді стерео гарнитура функциясын
қолдайтынын тексеріңіз.

1. BT хабарын көрсету үшін, қашықтан басқару

құралындағы

SOURCE

түймесін басыңыз.

2. Қосылу қажет Bluetooth құрылғысында

Bluetooth мәзірін таңдаңыз. Нұсқауларды
Bluetooth құрылғысының нұсқаулығынан
қараңыз.

3. Bluetooth құрылғысында Стерео құлақаспап

мәзірін таңдаңыз.

• Құрылғылар тізімін көресіз.

4. Табылғандар тізімінен «[HTS]Hxxxxx» тармағын

таңдаңыз.

• Үй кинотеатры Bluetooth құрылғысына

қосылып тұрғанда қосылған Bluetooth
құрылғысының атауы, одан кейін үй
кинотеатрының атауы үй кинотеатрының
алдыңғы дисплейінде көрсетіледі.

5. Қосылған құрылғыда музыканы ойнатыңыз.

• Қосылған Bluetooth құрылғысында ойнап

жатқан музыканы үй кинотеатры жүйесінен
тыңдай аласыз.

Үй кинотеатры тек сапасы орташа SBC
деректерін (48 кГц жылдамдығында 237 кбит/
сек-қа дейін) қолдайды және сапасы жоғары
SBC деректерін (44.1 кГц жылдамдықта 328
кбит/сек) қолдамайды.

AVRCP функциясына қолдау жоқ. Қосылған
құрылғының техникалық сипаттамаларына
байланысты оның функциялары әр түрлі
болады.

Тек A2DP профилін қолдайтын Bluetooth
құрылғысына қосыңыз.

Бір уақытта тек бір Bluetooth құрылғысын
жұптауға болады.

Келесі жағдайларда іздеу немесе қосылу
функциялары дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін:

- үй кинотеатрының жанында немесе

айналасында күшті электр өрісі болса.

- бірнеше Bluetooth құрылғысы өніммен бір

уақытта жұпталса.

- Bluetooth құрылғысы кенеттен өшсе немесе

дұрыс жұмыс істемесе.

- Микротолқынды пештер, сымсыз жергілікті

желі адаптерлері, люминесценттік шамдар
және газ плиталары сияқты құрылғылар
Bluetooth құрылғысымен бірдей жиілік
диапазонын пайдаланатынын ескеріңіз, бұл
электр кедергісін тудыруы мүмкін.

Bluetooth құрылғысына немесе смартфон
сияқты басқа құрылғыларға қосылу сенімділігін
арттыру үшін, құрылғының бағдарламалық
құралын ең соңғы нұсқаға жаңартуды ұсынамыз.

Bluetooth құрылғысын үй кинотеатрынан

ажырату

Bluetooth құрылғысын үй кинотеатрынан ажыратуға
болады. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының
нұсқаулығынан қараңыз.

• Үй кинотеатры Bluetooth құрылғысынан

ажыратылғанда, үй кинотеатры алдыңғы
дисплейде DISCONNECTED хабарын көрсетеді.

Үй кинотеатрынан Bluetooth құрылғысын

ажырату

BT режимінен басқа режимге ауысу немесе үй
кинотеатрын өшіру үшін, үй кинотеатрының
алдыңғы панеліндегі (

) түймесін басыңыз.

• Үй кинотеатрын функцияларды өзгерту арқылы

ажыратқан жағдайларды қоспағанда, қосылған
Bluetooth құрылғысы қосылымды аяқтау алдында
үй кинотеатрынан жауапты белгілі бір уақыт
бойы күтеді. (Bluetooth құрылғысына байланысты
ажырату уақыты әртүрлі болуы мүмкін.)

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 37

HT-H7750WM-RU_KAZ-0514.indd 37

2014-05-15 11:17:25

2014-05-15 11:17:25

Advertising