Инструкция по эксплуатации Samsung CE107MTSTR

Страница 89

Advertising
background image

17

ҚАЗАҚША

ЖҰҚА ТАБАҚТЫ ҚОЛДАНУ

(CE107MTR/CE107MTSTR ҮЛГІСІ ҮШІН ҒАНА)

Әдетте микротолқынды пеште, гриль/конвекция пештерінде гриль

немесе микротолқын режимін қолданып пісірген кезде, кондитер

өнімдері мен пицца тәрізді тағамдардың астыңғы жақтары

жентектеліп піседі. Samsung Жұқа табағын қолданған кезде тағам

қытырлақ болып піседі.

Жұқа табақты сонымен қатар бекон, жұмыртқа, шұжық т.с.с. пісіру

үшін қолдануға болады.

Жұқа табақты қолданбай тұрып, оны аралас режим бойынша 3-5

минут алдын ала қыздырып алыңыз.

Конвекция (220 °C) және микротолқын (Қуат деңгейі 600 Вт)

аралас режим

Гриль және микротолқын аралас режим (Қуат деңгейі 600 Вт)

1. Жұқа табақты жоғарыда көрсетілгендей алдын ала қыздырыңыз.

Жұқа табақ өте ысып кететіндіктен үнемі пешке арналған

қолғапты қолданыңыз.

2. Бекон, жұмыртқа тәрізді тағамдарды пісірген кезде, тағамды

жақсы қызарту үшін жұқа табаққа май жағыңыз.

3. Тағамды жұқа табақтың үстіне қойыңыз.

Қызуға төзбейтін (мысалы пластик кесе тәрізді) сауыттарды

ешқашан жұқа табаққа қоймаңыз.

4. Жұқа табақты микротолқынды пештің бұрылмалы табағына

немесе астыңғы торына қойыңыз.
Жұқа табақты ешқашан бұрылмалы табақсыз пешке қоймаңыз.

5. Microwave+Grill (Микротолқын+Гриль)

түймешігін басыңыз.

6. Қуат деңгейін Microwave+Grill

(Микротолқын+Гриль) түймешігін басып

таңдаңыз.

7. Пісіру уақытын тетікті қажетінше бұрап

орнатыңыз.

8. Start/+30s (Бастау/+30s) ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі:

Аралас режиммен пісіру басталады.

Тағам пісіру уақыты аяқталғаннан

кейін пештен сигнал естіледі де, "0"

төрт рет жыпылықтайды. Содан кейін

пеш минутына бір рет сигнал береді.

Жұқа табақты қалай тазалауға болады

(CE107MTR, CE107MTSTR үлгісі үшін ғана)

Жұқа табақты тазалаудың ең тиімді жолы - ыстық су

мен жуғыш затты қолданып тазалау. Содан кейін таза

сумен шайыңыз. Түрпілі шөтке немесе қатты жөкемен

тазаламаңыз, себебі беткі қаптамасына зиян келеді.

Жұқа табақтың тефлон қаптамасы бар, дұрыс

қолданбасаңыз бұл қаптамаға нұқсан келеді.

• Тағамды ешқашан табаққа салып турамаңыз. Тағамды

табақтан алғаннан кейін тураңыз.

• Тағамды пластик немесе ағаш құралмен аударыңыз.

ЖҰҚА ТАБАҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ

(CE107MTR/CE107MTSTR ҮЛГІСІ ҮШІН ҒАНА)

Жұқа табақты бұрылмалы табаққа тура қойып алдын ала қыздыруды

ұсынамыз. Жұқа табақты 600 Вт + Гриль функциясымен 5 минут алдын

ала қыздырып, кестеде көрсетілген уақыт пен нұсқауларды орындаңыз.

Тағам

Мөлшері Алдын ала

қыздыру

уақыты

Пісіру

режимі

Пісіру

уақыты

(мин.)

Ұсыныстар

Бекон

4-6 тілім

(80 г)

3

600 Вт +

Гриль

3-4

Жұқа табақты алдын ала

қыздырыңыз. Тілімдерді

жұқа табаққа қатарластыра

қойыңыз. Жұқа табақты

үстіңгі торға қойыңыз.

CE107MSTR_BWT, CE107MTR-B_BWT_DE68-04087A-03_KZ.indd 17

2013-11-27 �� 9:29:29

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: