Инструкция по эксплуатации Samsung CE107MTSTR

Страница 82

Advertising
background image

10

ҚАЗАҚША

ПЕШТІҢ ДҰРЫС ЖҰМЫС ЖАСАП ТҰРҒАНЫН ТЕКСЕРУ

Келесі қарапайым әрекетті орындау арқылы пештің әрқашан дұрыс

жұмыс жасап тұрғанын тексере аласыз. Егер күмәндансаңыз, мына

беттегі "Ақаулық туындаса немесе күмән пайда болса не істеу керек"

тарауын қараңыз.

Пештің ашасы сәйкес келетін розеткаға жалғанып тұруға тиіс.

Бұрылмалы табақ пештің ішіндегі орнында тұруға тиіс. Ең үлкен

мәннен (100 % - 900 Вт) басқа қуат мәні қолданылса, суды қайнатуға

көбірек уақыт кетеді.

Пештің есігін оң жағындағы тұтқаны тартып ашыңыз.

Бұрылмалы табаққа бір кесе су қойыңыз. Есікті жабыңыз.
Start/+30s (Бастау/+30s) ( ) түймешігін басып

4 немесе 5 минут уақытты орнатыңыз.

Start/+30s

(Бастау/+30s) ( ) түймешігін қажетінше басыңыз.

Нәтижесі: Пеш суды 4 немесе 5 минутта

қыздырады.

Содан кейін су қайнауға тиіс.

МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Микротолқындар - жоғары жиіліктегі электромагниттіік толқындар;

бөлінген қуат тағамның түрі мен пішімін өзгертпей пісіруге немесе

қыздыруға мүмкіндік береді.

Микротолқынды төмендегі әрекеттер үшін қолдануға болады:

Жібіту

Алдын ала қыздыру

Пісіру

Пісіру принципі.
1. Магнетронды түтіктен шыққан микротолқын,

бұрылмалы табақтың үстінде айналып тұрған

тағамға біркелкі таралады. Сондықтан да, тағам

біркелкі піседі.

2. Микротолқындар тағамның түбіне дейін,

шамамен 1 дюймге (2,5 см) дейін сіңеді. Содан

кейін қызу тағамның ішінде тарала бастайды да,

тағам пісе түседі.

3. Пісіру уақыты қолданылған ыдыс пен тағамның

сапасына қарай әртүрлі болады.
Мөлшері және тығыздығы

Судың мөлшері

Бастапқы температурасы (тоңазытқышта

болды ма, жоқ па)

Қызу таралған кезде тағамның ортасы піседі де, тағам пештен

алынғаннан кейін де пісе береді. Рецептіде және осы кітапшада

көрсетілген тағамды қоя тұру уақытын, келесіні орындау үшін сақтау

керек:

Тағам шетінен ортасына дейін біркелкі піседі

Тағамның бәр жеріндегі температура бірдей

CE107MSTR_BWT, CE107MTR-B_BWT_DE68-04087A-03_KZ.indd 10

2013-11-27 �� 9:29:27

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: