Инструкция по эксплуатации Samsung CE107MTSTR

Страница 83

Advertising
background image

11

ҚАЗАҚША

АҚАУЛЫҚ ТУЫНДАСА НЕМЕСЕ КҮМӘН ПАЙДА БОЛСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Жаңа құрылғыны қолдануға төселгенше әрқашан сәл уақыт қажет. Төмендегі ақаулықтардың

бірі орын алса, көрсетілген шешімдерді қолданып көріңіз. Бұл нұсқаулар уақытыңызды

үнемдеп, артық қоңырау шалудың алдын алуға көмектесуі мүмкін.
Келесі жағдайлар қалыпты жағдайлар болып есептеледі.

Пештің ішінде конденсат пайда болады

• Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді

• Есіктің айналасы мен корпус сыртында жарық шағылысады

• Есіктің маңайынан немесе саңылауларынан бу шығады
Тағам мүлде піспеген

Таймерді дұрыс орнаттыңыз ба және Start/+30s (Бастау/+30s) ( ) түймешігін дұрыс

бастыңыз ба?

• Есік жабылды ма?

• Электр желісінің жүктемесін арттырып, сақтандырғыш жанып немесе айырып-қосқыш

іске қосылған жоқ па?

Тағам қатты пісіп кеткен немесе шала піскен

Тағамның түріне сай келетін пісіру уақыты орнатылды ма?

• Сай келетін қуат мәні таңдалды ма?
Пештің ішінде жарқыл және сытыр (электр жарқылы) пайда болады

Металл жиегі бар ыдысты қолдандыңыз ба?

• Шанышқы немесе басқа металл ас құралы пештің ішінде қалып қойған жоқ па?

• Алюминий фольга пештің ішкі қабырғасына тым жақын орналасқан жоқ па?
Пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды

Пеш жұмыс істеп тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған бөгеуіл пайда болуы

мүмкін Бұл қалыпты жағдай.

Шешімі: пешті теледидардан, радиодан және антеннадан алыс орнатыңыз.

Пештің микропроцессоры бөгеуіл барын анықтаса, бейнебет параметрлерін қайта

орнату қажет болуы мүмкін.

Шешімі: Ашаны розеткадан суырып, қайта қосыңыз. Уақытты қайта орнатыңыз.

"E - 24" хабары көрсетіледі

"E - 24" хабары микротолқынды пеш қатты қызар алдында автоматты түрде көрсетіледі.

"E - 24" хабары пайда болса, параметрлерді бастапқы қалпына қою режимін қолдану

үшін "Тоқтату/Болдырмау" түймешігін қолданыңыз.

Жоғарыда көрсетілген ақыл-кеңес ақаулықты түзетуге көмектеспесе, жергілікті SAMSUNG

тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Келесі ақпаратты оқыңыз;

Пештің үлгісі мен сериялық нөмірлері, әдетте пештің артқы жағында болады

Кепілдік деректері

Ақаулықтың қысқа да нұсқа сипаттамасы
Содан кейін жергілікті дилерге немесе SAMSUNG тұтынушыға қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

ПІСІРУ/ҚЫЗДЫРУ

Төменде тағамды қалай пісіруге немесе қыздыруға болатындығы туралы

айтылған.

Пешті қараусыз қалдырардың алдында әрқашан пісіру параметрлерін

тексеріңіз.

Есікті ашыңыз. Тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз. Есікті

жабыңыз. Бос тұрған микротолқынды пешті ешқашан қоспаңыз.
1. Microwave (Микротолқын) ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Бейнебетте келесі көрсетіледі:

(микротолқын режимі)

2. Тиісті қуат мәнін Microwave (Микротолқын) ( )

түймешігін қажетті қуат мәні көрсетілгенше қайта

басып таңдаңыз. Қосымша ақпаратты келесі қуат

мәндері көрсетілген кестеден қараңыз.

3. Пісіру уақытын тетікті қажетінше бұрап орнатыңыз.

Нәтижесі: Пісіру уақыты көрсетіледі.

4. Start/+30s (Бастау/+30s) ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Пештің шамы жанады да, бұрылмалы

табақ айнала бастайды. Тағам пісе

бастайды, пісіп болғаннан кейін:

• Пештен сигнал естіледі де, "0" төрт рет жыпылықтайды.

Содан кейін пеш минутына бір рет жыпылықтайды.

Пештің ішіндегі ағымдық Қуат деңгейін білу үшін

Microwave

(Микротолқын) ( ) түймешігін бір рет басыңыз. Тағам пісіру

барысында қуат деңгейін өзгерткіңіз келсе, қажетті қуат деңгейін таңдау

үшін

Microwave (Микротолқын) ( ) түймешігін екі рет немесе бірнеше

рет басыңыз.

Жылдам бастау:

Тағамды аз уақыт ішінде ең жоғарғы қуатқа (900 Вт) қойып қыздырғыңыз

келсе,

Start/+30s (Бастау/+30s) ( ) түймешігін, 30 секунд пісіру уақытын

қосқыңыз келген сайын бір рет басуыңызға болады. Пеш дереу іске

қосылады.

CE107MSTR_BWT, CE107MTR-B_BWT_DE68-04087A-03_KZ.indd 11

2013-11-27 �� 9:29:27

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: