Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H5530K

Страница 94

Advertising
background image

45

- Қазақша

Қосымша

Белгі

Тексеру/шешімі

Экранда «Not Available»
хабары көрсетіледі.

• Мүмкіндіктер мен әрекеттерді қазір орындау мүмкін емес:

1. Оған Blu-ray/DVD дискілерінің бағдарламалық құралы кедергі келтіріп тұр.
2. Blu-ray/ DVD дискісінің бағдарламалық құралы бұл мүмкіндікті (мысалы, бұрыштар)
қолдамайды.
3. Бұл мүмкіндік қазір қол жетімді емес.
4. Қол жетімді емес тақырыпты, тарау нөмірін немесе іздеу уақытын сұрадыңыз.

HDMI шығыс сигналының
параметрі теледидар
қолдамайтын
ажыратымдылыққа
орнатылғанда (мысалы,
1080p), теледидарда сурет
көрсетілмеуі мүмкін.

• Өнімге дискіні салмастан, алдыңғы панельдегі 5 түймесін 5 секундтан артық

басып тұрыңыз. Параметрлердің барлығы зауыттық мәндерге қайтарылады.

HDMI шығыс сигналы
жоқ.

• Өнімнің HDMI ұяшығы мен теледидар арасындағы байланысты тексеріңіз.

• Теледидарыңыз 576p/480p/720p/1080i/1080p HDMI кіріс ажыратымдылығын

қолдайтынын тексеріңіз.

Экранда қалыптан
тыс HDMI шығысы
көрсетіледі.

• Экранда кездейсоқ шулар пайда болса, теледидар HDCP (Кең жолақты сандық

мазмұнның қорғауы) мүмкіндігін қолдамайтынын көрсетеді.

DLNA функциясы

DLNA функциясы арқылы
бөліскен қалталарды көре
аламын, бірақ файлдар
көрінбейді.

• DLNA тек Photo (Фотосурет), Music (Музыка) және Movie (Фильм) файлдарын

көрсетеді. Ол басқа файл түрлерін көрсетпейді.

Бейне үзілістермен
ойнатылады.

• Желінің тұрақты екенін тексеріңіз.

• Желі кабелінің жақсы жалғанғанын және желінің шамадан тыс жүктелмегенін

тексеріңіз.

Теледидар мен
компьютер арасындағы
DLNA қосылымы
тұрақсыз.

Бір ішкі желідегі IP мекенжайлары бірегей болуы тиіс, әйтпесе IP қайшылығы
байланыстың тұрақсыздығына себеп болуы мүмкін.

• Брендмауэрдың қосылып тұрғанын тексеріңіз. Қосылған болса, брендмауэр

функциясын ажыратыңыз.

BD-LIVE

Үй кинотеатры BD-LIVE
серверіне жалғанбай тұр.

• Network Status функциясын пайдалану арқылы желі байланысының іске

қосулы екендігін тексеріңіз.

• USB жад құрылғысының өнімге қосылып тұрғанын тексеріңіз.

• BD-LIVE қызметін орнату үшін, жад құрылғысында кемінде 1 Гбайт бос орын

болуы керек. Бос орынды BD Data Management ішінен тексеруге болады.
(37-бетті қараңыз)

• BD-Live Internet Connection опциясы үшін Allow(All) таңдалғанын тексеріңіз.

• Жоғарыдағылардың ешқайсысы көмектеспесе, мазмұн провайдеріне

хабарласыңыз немесе соңғы аппараттық құралға жаңартыңыз.

BD-LIVE қызметін
пайдаланғанда қате орын
алады.

• BD-LIVE қызметін орнату үшін, USB жад құрылғысында кемінде 1 Гбайт бос

орын болуы керек. Бос орынды BD Data Management ішінен тексеруге
болады. (37-бетті қараңыз)

Зауыттың әдепкі параметрлері қалпына келтірілгенде, пайдаланушының сақталған бүкіл BD деректері

жойылады.

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 45

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 45

2014-05-22 1:37:25

2014-05-22 1:37:25

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: