Параметрлер – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H5530K

Страница 69

Advertising
background image

20

- Қазақша

Параметрлер

4. Сымсыз желі немесе сымсыз маршрутизатор

атауын енгізіңіз.

• Қашықтан басқару құралындағы сан

түймелерінің көмегімен сандарды тікелей
енгізіңіз.

• Әріпті ▲▼◄► түймелерінің көмегімен

таңдау арқылы енгізіп, содан кейін E
түймесін басыңыз.

• Бас әріптерді (немесе бас әріптер

көрсетілсе, кіші әріптерді қайта көрсету)
көрсету үшін,

тармағын таңдап, E

түймесін басыңыз.

• Таңбалар мен тыныс белгілерін көрсету

үшін 123#& тармағын таңдап, E түймесін
басыңыз. Әріптерді қайта көрсету үшін 123#&
тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

Аяқтағаннан кейін, Done опциясын таңдап,
E түймесін басыңыз.

5. Ашылған Security method (Қауіпсіздік әдісі)

экранында желінің қауіпсіздік әдісін таңдау
үшін ▲▼ түймелерін пайдаланыңыз да, одан
кейін E түймесін басыңыз. Келесі экранда
желінің қауіпсіздік кодын немесе құпия сөз
тіркесін енгізіңіз.

• Қашықтан басқару құралындағы сан

түймелерінің көмегімен сандарды тікелей
енгізіңіз.

• Әріпті ▲▼◄► түймелерінің көмегімен

таңдау арқылы енгізіп, содан кейін E
түймесін басыңыз.

Аяқтағаннан кейін, Done опциясын таңдап,
E түймесін басыңыз. Өнім желіні іздейді.

6. Network connection fail (Желі қосылымы

орнатылмады) экраны пайда болады. IP
Settings параметрін таңдау үшін ◄►
түймелерін пайдаланыңыз да, одан кейін E
түймесін басыңыз.

7. IP Setting өрісін таңдап, оны Enter manually

параметріне орнатыңыз.

8. Енгізілетін желі параметрін (мысалы, IP

Address) таңдап, E түймесін басыңыз.
Қашықтан басқару құралындағы санды
түймелерді пайдаланып, параметр үшін
сандарды енгізіңіз. Сондай-ақ, сандарды
▲▼ түймелерінің көмегімен енгізуге болады.
Параметр ішінде бір жазба өрісінен екіншісіне
жылжу үшін қашықтан басқару құралындағы
◄► түймелерін пайдаланыңыз. Болғаннан
кейін, E түймесін басыңыз.

9. Басқа параметрге жылжу үшін ▲ немесе ▼

түймесін басыңыз, одан кейін сол параметр
үшін 8-қадамдағы нұсқауларды орындай
отырып сандарды енгізіңіз.

10. Барлық параметрлерді толтырғанша, 8 және

9-қадамдарды қайталаңыз.

11. Желі параметрі мәндерін Интернет

провайдерінен алуға болады.

12. Аяқтағаннан кейін, Return (') тармағын

таңдап, E түймесін басыңыз. Security Key
экраны ашылады.

13. Security Key экранында желінің қауіпсіздік

кодын немесе құпия сөз тіркесін енгізіңіз.
Қашықтан басқару құралындағы сан
түймелерінің көмегімен сандарды тікелей
енгізіңіз. Әріпті ▲▼◄► түймелерінің
көмегімен таңдау арқылы енгізіп, содан кейін
E түймесін басыңыз.

14. Аяқтағаннан кейін, экранның оң жағынан Done

пәрменін таңдап, E түймесін басыңыз. Өнім
желі қосылымын тексеріп, одан кейін желіге
қосылады.

15. Үй кинотеатры желіні тексергеннен кейін, OK

тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

Сондай-ақ, желіні қолмен орнату үшін Settings
> Network > Network Status тармағына
өтуіңізге болады.

❏ WPS(PBC)
Сымсыз желі байланысын орнатудың ең оңай
жолдарының бірі WPS(PBC) функциясын пайдалану
болып табылады. Сымсыз маршрутизаторда
WPS(PBC) түймесі бар болса, келесі қадамдарды
орындаңыз:

«Желі қосылымының параметрлерін реттеу»
бөліміндегі 1 және 3 аралығындағы қадамдарды
орындаңыз. (18-бетті қараңыз)

1. Network Settings экранында Network Type

үшін Wireless параметрін таңдаңыз. Өнім қол
жетімді желілерді іздеп, оларды тізім түрінде
көрсетеді.

2. Тізімді төмен айналдырып, WPS(PBC)

функциясын таңдап, E түймесін басыңыз.

3. Екі минут ішінде маршрутизатордағы

WPS(PBC) түймесін басыңыз. Өнім өзіне
керекті желі параметрлерінің мәндерін
автоматты түрде алып, желі қосылымы
тексерілгеннен кейін желіңізге қосады.

4. Аяқтағаннан кейін, OK опциясын бөлектеп,

E түймесін басыңыз.

WPS қосылымы үшін сымсыз маршрутизатордың
қауіпсіздік шифрлауын AES деп орнатыңыз.
WEP қауіпсіздік шифрлауы WPS қосылымын
қолдамайды.

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 20

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 20

2014-05-22 1:36:20

2014-05-22 1:36:20

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: