Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H5530K

Страница 88

Advertising
background image

39

- Қазақша

Қосымша

DVD бейне пішімінде дұрыс жазылмаған болса,

DVD-RW/-R дискісі ойнатылмайды.

Өнім DVD-R дискісіне 10 Мбит/с-тан жоғары бит

жылдамдығымен жазылған мазмұнды ойнатпайды.

Өнім BD-R дискісіне немесе USB құрылғысына 30

Мбит/с-тан жоғары бит жылдамдығымен жазылған
мазмұнды ойнатпайды.

Ойнату кейбір диск түрлеріне немесе көру бұрышы

мен кадр пішімінің өзгертілуі сияқты арнайы
әрекеттер орындалғанда жұмыс істемеуі мүмкін.
Диск туралы толық ақпарат диск қорабында
жазылған. Қажет болса, соны қараңыз.

BD-J тақырыбы ойнатылғанда, оның жүктелуі қалыпты

тақырыпқа қарағанда ұзағырақ уақыт алуы немесе
кейбір функциялар баяу орындалуы мүмкін.

Өнім ойнатпайтын диск түрлері

• HD DVD

• DVD-ROM/PD/MV

дискілері, т.с.с.

• DVD-RW(VR режимі)

• CVD/CD-ROM/CDV/

CD-G/CD-I/LD(CD-G
кеңейтілімдері
суреттерді емес,
дыбысты ғана ойнайды).

• DVD-RAM

• Супер дыбысты CD (CD

қабатынан басқа)

• Жазуға арналған 3,9

Гбайт DVD-R дискі.

Ойнату кезінде кейбір Blu-ray, DVD және ықшам

дискілері арнайы немесе шектеулі режимде жұмыс
істейтіндіктен және тек арнайы мүмкіндіктерді
ұсынатындықтан, бұл өнім барлық жұмыс
пәрмендерін орындамауы мүмкін. Бұл өнім
ақаулығы емес екенін ескеріңіз.

Samsung бұл өнімнің Blu-ray Disc, DVD немесе CD

логотипті кез келген дискіні ойнататынына кепілдік
бермейді, себебі диск пішімдері даму үстінде, ал
мәселелер мен қателер Blu-ray дискісінің, DVD,
CD бағдарламалық құралын жасау және/немесе
дискілер өндіру барысында пайда болуы мүмкін.

Сұрақтарыңыз болса немесе бұл өнімде Blu-

ray Disc, DVD немесе CD дискілерін ойнатуда
қиындықтар туындаса, SAMSUNG компаниясының
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Сонымен қатар, ойнату шектеулері
туралы қосымша ақпаратын осы нұсқаулықтың
қалған бөлімдерінен табуға болады.

Сіздің аймағыңыздан тыс жерден сатып алынған

кейбір коммерциялық дискілер және DVD дискілері
осы өніммен ойнатылмауы мүмкін.

Өнім ойнататын дискілердің
логотиптері

Blu-ray дискі

3D Blu-ray дискі

BD-LIVE

Dolby

DTS

Java

PAL – Ұлыбритания, Франция,

Германия, т.с.с. елдердегі

хабар тарату жүйесі.

DivX

Аймақ коды

Өнімдер де, дискілер де аймақ бойынша кодталады.
Дискіні ойнату үшін, осы аймақ кодтары бір-біріне
сәйкес келуі қажет. Кодтар сәйкес келмесе, диск
ойнатылмайды. Осы өнімнің аймақ нөмірі оның артқы
панелінде көрсетілген.

Диск

түрі

Аймақ

коды

Аумақ

Blu-ray

дискі

A

Солтүстік Америка, Орталық

Америка, Оңтүстік Америка,

Корея, Жапония, Тайвань,

Гонконг және Оңтүстік-Шығыс

Азия.

B

Еуропа, Гренландия, Француз

аумақтары, Таяу Шығыс,

Африка, Австралия және Жаңа

Зеландия.

C

Үндістан, Қытай, Ресей,

Орталық және Оңтүстік Азия.

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 39

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 39

2014-05-22 1:37:08

2014-05-22 1:37:08

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: