Желі қызметтері, Bd-live™ функциясын пайдалану, Dlna функциясын пайдалану – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H5530K

Страница 83: Бағдарламалар

Advertising
background image

34

- Қазақша

Желі қызметтері

BD-LIVE™ функциясын пайдалану

1. Өнімді желіге жалғаңыз.(12-бетті қараңыз)

2. Желі параметрлерін реттеңіз.(18~20

беттерді қараңыз)

Өнім желіге қосылған соң, BD-LIVE қызметін
қолдайтын дискілерде түрлі фильмдерге
байланысты қызмет мазмұнын көруге болады.

1. USB жад құрылғысын өнімнің алдыңғы

жағындағы USB ұясына жалғаңыз да, оның
қалған жад көлемін BD Data Management
параметрі арқылы тексеріңіз. BD-LIVE
қызметтері үшін жад құрылғысының кем
дегенде 1 Гбайт бос орны болуы керек.

2. Басты экранында Settings тармағын таңдап,

E түймесін басыңыз.

3. System тармағын таңдап, E түймесін

басыңыз.

4. BD Data Management тармағын таңдап, E

түймесін басыңыз.

5. Change Device тармағын таңдап, E түймесін

басыңыз.

6. USB

DISC тармағын таңдаңыз да, E түймесін

басыңыз.

7. BD-LIVE қызметін қолдайтын Blu-ray дискісін

салыңыз.

8. Диск өндірушісі қамтамасыз еткен әртүрлі

BD-LIVE қызмет мазмұндары тізімінен бір
элементті таңдаңыз.

Диск өндірушісіне байланысты, BD-LIVE
қызметін қолдану тәсілі мен қамтамасыз етілген
мазмұндар әртүрлі болуы мүмкін.

DLNA функциясын пайдалану

DLNA үй кинотеатры арқылы компьютердегі
файлдарды ашып, ойнатуға мүмкіндік береді.

Компьютерде DLNA бағдарламалық құралын орнату
және үй кинотеатрымен бөлісу қажет қалталар мен
файлдарды белгілеу үшін DLNA бағдарламалық
құралының пайдаланушы нұсқаулығындағы
нұсқауларды орындаңыз.

DLNA бағдарламалық құралын орнатқаннан кейін
компьютердегі файлдарды ашып, ойнату үшін мына
қадамдарды орындаңыз:

1. Компьютерді, теледидарды және үй

кинотеатрын қосыңыз.

2. Компьютерде DLNA Shared сервері істеп

тұрғанын тексеріңіз.

3. Үй кинотеатрынан Change Device тармағын

таңдаңыз.

4. Құрылғылар тізімінен компьютеріңізді таңдау

үшін ▲▼ түймесін басыңыз.

5. Көру не ойнату керек Photos, Videos не

Music сияқты файл түрін таңдаңыз да, E
түймесін басыңыз.

6. ▲▼◄► түймесінің көмегімен таңдаған

файлдар бар қалтаны таңдаңыз да, E
түймесін басыңыз. Файлдар тізімі көрсетіледі.

7. Ойнату немесе көру керек файлды таңдап, E

түймесін басыңыз.

USB құрылғыларында және дискілерде
файлдардан ойнату тізімін жасаумен бірдей әдіс
арқылы компьютерде файлдардан ойнату тізімін
жасауға болады.

Бірнеше жағдайларды қоспағанда,
компьютердегі файлдардың ойнатылуын USB
құрылғылары мен дискілердегі файлдарды
басқарғандай жолмен басқаруға болады.

Компьютердегі файлдарға алдымен Басты
экранындағы Photos, Videos немесе Music
опциясын, содан кейін экранға шыққан
құрылғылар тізімінен компьютерді таңдау
арқылы қол жеткізуге болады.

Бағдарламалар

Осы үй кинотеатры тікелей жүктеп алуға және үй
кинотеатрынан көруге болатын жаңалықтардың,
фильмдердің, ауа рай мәліметтерінің және басқа да
мазмұнның ауқымды жинағын ұсынады. Алдымен
желіні тексеріп, үй кинотеатры Интернетке
жалғанғанын тексеріңіз. Бағдарламалар мүмкіндігін
пайдалану үшін үй кинотеатры Интернетке қосулы
болуы керек.
Бағдарламалар мүмкіндігі арқылы ұсынылатын
бағдарламалар онлайн нұсқалары сияқты жұмыс
істейді, ал өзгешелігі оны оңай пайдалануға
болатындығында.
Пайдалану мүмкін болу үшін, бағдарламалар есептік
жазбаның жасалуын талап етеді. Осы тораптардың
көбінде есептік жазбаны үй кинотеатрынан жасау
мүмкін болағанымен, оларды Интернетке қосылған
компьютерден, ноутбуктен не планшеттен сол
тораптарға кіріп жасаған жеңілірек әрі тезірек
болады. Кейбір жағдайларда есептік жазба
жасау үшін үй кинотеатрын және компьютерді,
ноутбукті не планшетті пайдалану қажет болатынын
ескеріңіз. Стандартты онлайн нұсқалары мен
үй кинотеатры арқылы пайдалануға болатын
нұсқалардың арасындағы басты айырмашылық үй
кинотеатры нұсқаларында әріптерді енгізу үшін
пернетақтаның орнына қашықтан басқару құралы
пайдаланылатынында.

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 34

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 34

2014-05-22 1:36:56

2014-05-22 1:36:56

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: