Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H5530K

Страница 66

Advertising
background image

17

- Қазақша

Параметрлер

Audio Sync

Өнім сандық теледидарға тіркелгенде, дыбыс
бейнемен қадамдасуы үшін бейне кідірісін
реттеуге мүмкіндік береді. Кідірісті 0 және 300
миллисекунд арасында орнатуға болады.

Network

Network Settings

Интернет қызметтері немесе DLNA Wi-
Fi мүмкіндігі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерді
пайдалану және бағдарламалық құралды жаңарту
үшін желі қосылымын реттеуге мүмкіндік береді.

Network Test

Интернет протоколы параметрлерінің
орнатылуын тексеріп, оның дұрыс жұмыс істеп
тұрғанын көруге мүмкіндік береді.

Network Status

Ағымдағы желі және Интернет күйін тексеруге
мүмкіндік береді.

Wi-Fi Direct

Сымсыз маршрутизаторсыз, тең құқылы желі
арқылы Wi-Fi Direct құрылғысын өнімге қосуға
мүмкіндік береді. Wi-Fi Direct байланысын
қолданғанда сымсыз желіге жалғанған өнім
ажыратылуы мүмкін екенін ескеріңіз. ((21-бетті
қараңыз)

TXT немесе .DOC кеңейтімі бар файлдар
сияқты мәтіндік файлдар Wi-Fi Direct
функциясын пайдаланғанда көрсетілмейді.

Screen Mirroring

Screen Mirroring функциясы смартфонның
немесе смарт құрылғының экранын үй
кинотеатры жүйесіне қосылған теледидарда
көруге мүмкіндік береді. (35-бетті қараңыз)

Device Name

Өнімге анықтамалық атау тағайындауға мүмкіндік
береді. Бұл атауды өнімге сыртқы құрылғыларды
(смартфондар, планшеттер, т.б.) қосқанда, оны
анықтау үшін пайдалана аласыз.

BD-Live Internet Connection

BD-Live қызметі үшін Интернет қосылымына
рұқсат етуге немесе оған тыйым салуға мүмкіндік
береді.

System

Initial Settings

Initial Settings процедурасын қайта іске қосуға
мүмкіндік береді. (13-бетті қараңыз)

Quick start

Жүктелу уақытын азайту арқылы қуатты жылдам
қосуға болады.

Егер бұл функция On күйіне орнатылса, күту
режиміндегі қуат тұтыну мөлшері артады.
(Шамамен 12 Вт ~ 20 Вт)

Anynet+ (HDMI-CEC)

Anynet+ дегеніміз Anynet+ мүмкіндігі бар
басқа Samsung өнімдерімен байланысып
әрекет ету және сол өнімдерді бір Samsung
теледидарының қашықтан басқару құралымен
басқаруға мүмкіндік беретін қолайлы функция
болып табылады. Бұл функцияны пайдалану үшін
осы өнімді HDMI кабелімен Anynet+ Samsung
теледидарына жалғау қажет.

BD Data Management

BD-LIVE қызметін қолдайтын Blu-ray дискісі
арқылы жүктеп алынған мазмұнды басқаруға
мүмкіндік береді. Сақтау орнымен қоса, BD Live
деректерін сақтау үшін пайдаланып отырған USB
құрылғысы туралы ақпаратты көруге болады. BD
Live деректерін жойып, құрылғыны өзгертуге де
болады.

DivX® Video On Demand

DivX® VOD мазмұнын сатып алу және ойнату
үшін, DivX® VOD тіркеу кодтарын қараңыз.

Language

Экран мәзірі, диск мәзірі, т.б. үшін тілді таңдауға
мүмкіндік береді.

• Таңдалған тіл дискіде оған қолдау бар болса

ғана көрсетіледі.

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 17

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 17

2014-05-22 1:36:13

2014-05-22 1:36:13

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: