Мазмұнды ойнату – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H5530K

Страница 81

Advertising
background image

32

- Қазақша

Мазмұнды Ойнату

- қысқа толқынды пештер, сымсыз жергілікті

желі адаптерлері, люминесцентті шамдар
және газ плиталары сияқты құрылғылар
Bluetooth құрылғысымен бірдей жиіліктер
ауқымын пайдаланатынын ескеріңіз, бұл өз
кезегінде электр кедергісін тудыруы мүмкін.

Bluetooth функциясымен немесе ұялы телефон
сияқты басқа құрылғылармен жақсы үйлесуі
үшін құрылғының соңғы нұсқасына жаңартуға
кеңес береміз.

Bluetooth құрылғысын үй кинотеатрынан

ажырату

Үй кинотеатрын Bluetooth құрылғысынан ажыратуға
болады. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының
нұсқаулығынан қараңыз.

• Үй кинотеатры Bluetooth құрылғысынан

ажыратылғанда, үй кинотеатры алдыңғы
дисплейде DISCONNECTED хабарын көрсетеді.

Үй кинотеатрын Bluetooth құрылғысынан

ажырату

BT режимінен басқа режимге ауысу немесе үй
кинотеатрын өшіру үшін, үй кинотеатрының
алдыңғы панеліндегі (

) түймесін басыңыз.

• Үй кинотеатры функцияларды өзгерту арқылы

ажыратылған жағдайларды есепке алмағанда,
қосылған Bluetooth құрылғысы қосылымды аяқтау
алдында үй кинотеатрынан белгілі бір уақыт бойы
жауап күтеді. (Bluetooth құрылғысына байланысты
ажырату уақыты әртүрлі болуы мүмкін.)

Bluetooth қосылым режимінде Bluetooth
қосылымы үй кинотеатрының жүйесі мен
Bluetooth құрылғысының арасындағы қашықтық
(10 метр) асып кеткен жағдайда жоғалады.
Bluetooth құрылғысы қайтадан жарамды
қашықтық ауқымына кіргенде немесе Bluetooth
құрылғысын қайта іске қосқанда қайта
қосылу үшін құрылғыны және үй кинотеатрын
жұптастыру керек.

Bluetooth режимінде Bluetooth құрылғысы
дайын күйінде 5 минут бойы тұрғанда
экран қорғауышы іске қосылады. Bluetooth
құрылғысын қайта қосу үшін экран қорғауышын
өшіріңіз де, құрылғыны қосыңыз. Экран
қорғауышын өшіру үшін қашықтан басқару
құралында кез келген түймені (дыбыс деңгейі
түймесі, сандық түйме, т.б.) басыңыз.

Bluetooth функциясын пайдаланғанда
қуаттың қосылуы

Үй кинотеатры өшірулі болғанда смарт құрылғысын
өнімге Bluetooth арқылы қосу себебінен үй
кинотеатры іске қосылуы мүмкін.

Айнымалы ток сымы айнымалы ток көзіне
қосулы болғанда Quick start функциясы қол
жетімді болады.

Бұл функцияны пайдалану үшін Settings >
System > Quick start параметрі үшін On
опциясын таңдаңыз.

Осы мүмкіндікті пайдалану үшін алдымен
Үй кинотеатры мен смарт құрылғысы
арасындағы Bluetooth байланысы орнатылуы
тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, Үй кинотеатры
смарт құрылғысының белгілі Bluetooth
құрылғыларының тізімінен табылуы тиіс.

1. Смарт құрылғыңызды өнімге Bluetooth

функциясы арқылы қосыңыз. (Bluetooth
қосылымдары туралы ақпаратты құрылғының
нұсқаулығынан қараңыз.)

2. Қосылу жасалғанда үй кинотеатры автоматты

түрде BT режимінде іске қосылады.
• Смарт құрылғыңызда ойнатылатын музыканы

таңдаңыз.

NFC (Near Field Communication)
функциясын пайдалану

NFC функциясымен үйлесімді құрылғыны Bluetooth
арқылы төмендегі қарапайым орнату процедурасын
пайдаланып үй кинотеатрына жалғаңыз. Смартфондағы
әндерді үй кинотеатры арқылы ойнатуға болады.

1. Смартфондағы NFC функциясын қосып, экранды

құлыптау функциясының өшірулі екенін
тексеріңіз. Экран құлыптауы қосулы болса,
смартфонның NFC функциясы жұмыс істемейді.

2. NFC функциясына қолдау көрсететін

құрылғыны үй кинотеатрының үстіндегі NFC
логотипіне

жайлап тигізіңіз.

3. Смартфонда Bluetooth қосылымын жалғастыру

қажет / қажет еместігін сұрайтын қалқымалы
терезе ашылады. «Yes» (Иә) жауабын таңдаңыз.
• Қосылу аяқталғанда, «connected» (қосылды)

харабы көрсетіледі.

4. NFC құрылғысын ажырату үшін, құрылғыны

қайтадан үй кинотеатрының үстіңгі панеліне
тигізіңіз.
• Бірінші смартфон әлі де қосулы кезде, басқа

NFC құрылғысын қосу үшін, сол құрылғыны
үй кинотеатрының үстіңгі панеліне тигізіңіз.
Үй кинотеатры бірінші смартфонды
ажыратады да, екінші смартфонға жалғайды.

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 32

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 32

2014-05-22 1:36:49

2014-05-22 1:36:49

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: