Wi-fi direct – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H5530K

Страница 70

Advertising
background image

21

- Қазақша

Параметрлер

Wi-Fi Direct

Wi-Fi Direct функциясы сымсыз маршрутизаторсыз,
тең құқылы желі арқылы Wi-Fi Direct
құрылғыларын өнімге және бір-біріне қосуға
мүмкіндік береді.

Wi-Fi Direct арқылы қосылған болса, кейбір
Wi-Fi Direct құрылғылары DLNA функциясына
қолдау көрсетпеуі мүмкін. Бұл жағдайда,
құрылғыны үй кинотеатрына қосу үшін
пайдаланылған желі қосылымы әдісін өзгертіңіз.

Wi-Fi Direct сигналдарының таратылуы
Bluetooth сигналдарына кедергі келтіруі мүмкін.
Bluetooth функциясын қолданбас бұрын, кез
келген қосулы ұялы құрылғыдағы Wi-Fi Direct
функциясын өшіруді ұсынамыз.

1. Wi-Fi Direct құрылғысын қосып, Wi-Fi Direct

функциясын іске қосыңыз.

2. Басты экранында Settings тармағын таңдап,

E түймесін басыңыз.

3. Network тармағын таңдап, E түймесін

басыңыз.

4. Wi-Fi Direct тармағын таңдап, E түймесін

басыңыз. Қосуға болатын Wi-Fi Direct
құрылғылары көрсетіледі.

Settings

Display

Audio

Network

System

Language

Security

General

Support

Wi-Fi Direct

Device Name: HT-H5530K

Select your Wi-Fi Direct device to connect to.

AndroidXXXXXXX Not

Connected

Refresh

Close

5. Wi-Fi қосылымын орнатудың үш жолы бар:

• Wi-Fi құрылғысы арқылы.

• PBC көмегімен өнім арқылы.

• PIN-код көмегімен өнім арқылы.

Әрқайсысы төменде қамтылған.

Wi-Fi құрылғысы арқылы

1. Wi-Fi құрылғысында басқа Wi-Fi Direct

құрылғысына қосылу үшін құрылғының
процедурасын орындаңыз. Нұсқауларды
құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.

2. Процедура орындалған соң, теледидар

экранында Wi-Fi Direct функциясына қолдау
көрсететін құрылғы қосылу сұрауын жасағаны
туралы қалқымалы хабар көрсетіледі. OK
тармағын таңдап, қабылдау үшін E түймесін
басыңыз.

3. «Қосылу» қалқымалы терезесі, содан кейін

«Қосылды» қалқымалы терезесі пайда болады.
Ол жабылғанда, құрылғыны Wi-Fi Direct
экранындағы тізімде қосылған ретінде көресіз.

• PBC және PIN процедуралары құрылғыларды

автоматты түрде қосады.

PBC көмегімен өнім арқылы

1. Осы өнімге қосу керек Wi-Fi Direct

құрылғысын таңдап, содан кейін E түймесін
басыңыз.

2. «Қосылу» қалқымалы терезесі, содан кейін

«Қосылды» қалқымалы терезесі пайда болады.
Ол жабылғанда, құрылғыны Wi-Fi Direct
экранындағы тізімде қосылған ретінде көресіз.

PIN-код көмегімен өнім арқылы

1. Осы өнімге қосу керек Wi-Fi Direct

құрылғысын таңдап, содан кейін E түймесін
басыңыз.

2. PIN қалқымалы терезесі пайда болады.

3. Қалқымалы терезедегі PIN кодын жазып

алыңыз, содан кейін қосылу керек Wi-Fi Direct
құрылғысындағы тиісті өріске енгізіңіз.

4. «Қосылу» қалқымалы терезесі, содан кейін

«Қосылды» қалқымалы терезесі пайда болады.
Ол жабылғанда, Wi-Fi Direct экранындағы
тізімде құрылғыны қосылған ретінде көресіз.

Wi-Fi Direct функциясын пайдаланғанда
ағымдағы сымды немесе сымсыз желі қосылымы
ажыратылады.

TXT немесе .DOC кеңейтімі бар файлдар сияқты

мәтіндік файлдар Wi-Fi Direct функциясын
пайдаланғанда көрсетілмейді.

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 21

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 21

2014-05-22 1:36:22

2014-05-22 1:36:22

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: