Bluetooth құрылғысын пайдалану – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H5530K

Страница 80

Advertising
background image

31

- Қазақша

Мазмұнды Ойнату

Микрофон D. IN, AUX, FM және BT
режимдерінде жұмыс істемейді.

Karaoke scoring параметрі On мәніне
орнатылған және микрофон қосылған болса,
караоке ұпайлары автоматты түрде көрсетіледі.
Ұпайды көрсетуді қаламасаңыз, микрофонды
ажыратыңыз.

Негізгі мәзір экранда пайда болып, 10 секунд
өткеннен кейін микрофонды қолдануға болады.

Bluetooth құрылғысын
пайдалану

Жоғары сапалы стерео дыбыспен музыканы сымсыз
тыңдау үшін Bluetooth құрылғысын пайдалануға болады!

Bluetooth дегеніміз не?

Bluetooth — Bluetooth функциясымен үйлесімді
құрылғыларға сымсыз байланысты пайдаланып бір-
бірімен оңай өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін
технология.

• Bluetooth құрылғысы мына жағдайларда

ызылдауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін:

- денеңіздің бір бөлігі Bluetooth құрылғысының

немесе үй кинотеатрының қабылдау/тарату
жүйесіне тиіп тұрғанда;

- қабырға, бұрыш немесе кеңсені бөлу

тудыратын кедергілерден токтың өзгерулері
әсер еткенде;

- бірдей жиіліктер ауқымындағы құрылғылар,

соның ішінде, медициналық жабдық,
микротолқынды пештер және сымсыз жергілікті
желілер шығаратын электр кедергілері әсер
еткенде.

• Үй кинотеатры мен Bluetooth құрылғысын бір-

біріне жақын орналастырып жұптастырыңыз.

• Үй кинотеатры мен Bluetooth құрылғысының

арасындағы қашықтық алшақ болған сайын,
байланыс сапасы да нашарлау болады. Қашықтық
Bluetooth құрылғысының жұмыс істеу ауқымынан
асып кетсе, байланыс үзіледі.

• Қабылдау сезімталдығы нашар аймақтарында

Bluetooth қосылымы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

• Үй кинотеатрының тиімді қабылдау ауқымы

ешқандай кедергі болмаған жағдайда барлық
бағыттарда 10 метрге дейін жетеді. Құрылғы бұл
ауқымнан тыс болса, қосылым автоматты түрде
үзіледі. Осы ауқым ішінде болғанына қарамастан,
қабырғалар немесе есіктер сияқты кедергілер
себебінен дыбыс сапасы төмендеуі мүмкін.

• Бұл сымсыз құрылғы жұмыс істеу кезінде электр

кедергілерін тудыруы мүмкін.

Үй кинотеатрын Bluetooth
құрылғысына қосу

Қосу

Bluetooth құрылғысы

Бастамай тұрып Bluetooth құрылғысы Bluetooth
функциясымен үйлесімді стерео гарнитура
функциясын қолдайтынын тексеріңіз.
1. BT хабарын көрсету үшін, қашықтан басқару

құралындағы

FUNCTION

түймесін басыңыз.

2.

Қосылу қажет Bluetooth құрылғысында Bluetooth

мәзірін таңдаңыз. Нұсқауларды Bluetooth
құрылғысының нұсқаулығынан қараңыз.

3. Bluetooth құрылғысында Stereo headset

(Стерео құлақаспап) мәзірін таңдаңыз.
• Құрылғылар тізімі ашылады

4. Ізделетін тізімнен «[HTS]HXXXXX» тармағын

таңдаңыз.
• Үй кинотеатры Bluetooth құрылғысына

қосулы кезде қосылған Bluetooth
құрылғысының атауы, одан кейін үй
кинотеатрының атауы үй кинотеатрының
алдыңғы дисплейінде көрсетіледі.

5. Қосылған құрылғыда музыканы ойнатыңыз.

• Қосылған Bluetooth құрылғысында ойнап

жатқан музыканы үй кинотеатры жүйесінен
тыңдай аласыз.

Үй кинотеатры тек сапасы орташа SBC
деректеріне (48 кГц жылдамдығында 237
кбит/сек-қа дейін) қолдау көрсетеді және
сапасы жоғары SBC деректеріне (44,1 кГц
жылдамдықта 328 кбит/сек) қолдау көрсетпейді.

AVRCP функциясына қолдау бар. Қосылған
құрылғының техникалық сипаттамаларына
байланысты оның функциялары әр түрлі болады.

Тек A2DP профайлын қолдайтын Bluetooth
құрылғысына қосыңыз.

Бір уақытта тек бір Bluetooth құрылғысын
жұптауға болады.

Келесі жағдайларда іздеу немесе қосылу
функциялары дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін:

- үй кинотеатрының жанында немесе

айналасында күшті электр өрісі болса.

- өніммен бір уақытта бірнеше Bluetooth

құрылғысы жұпталса;

- Bluetooth құрылғысы кенеттен өшсе немесе

дұрыс жұмыс істемесе;

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 31

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 31

2014-05-22 1:36:47

2014-05-22 1:36:47

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: