Dlna функциясының параметрлерін орнату – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H5530K

Страница 72

Advertising
background image

23

- Қазақша

Параметрлер

Auto Upgrade Notification

Өнім желіге жалғанған және Auto Upgrade
Notification параметрі қосулы болса,
бағдарламаның жаңа нұсқасы қол жетімді болғаны
туралы өнім қалқымалы хабар арқылы ескертеді.

1. Өнімді қосыңыз.

2. Software Upgrade мәзірінде Auto Upgrade

Notification үшін On параметрін таңдаңыз.
Бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасы
бар болса, өнім қалқымалы хабар арқылы
ескертеді.

3. Микробағдарламаны жаңарту үшін, Yes

жауабын таңдаңыз. Өнім автоматты түрде өшіп,
қосылады да, жаңартуды бастайды.

4. Жаңарту жүрісі туралы қалқымалы хабар

шығады. Жаңарту аяқталған кезде, өнім
қайтадан автоматты түрде өшеді.

5.

ҚУАТ

түймесін басып өнімді қосыңыз.

DLNA функциясының
параметрлерін орнату

DLNA функциясы өнім көмегімен компьютердегі
музыка, бейне және фотосурет файлдарын ойнатуға
мүмкіндік береді. DLNA функциясын пайдалану
үшін, өнімді компьютерге желі арқылы жалғап
(12-бетті қараңыз), компьютерге SAMSUNG PC
Share Manager бағдарламасын орнату керек.

DLNA бағдарламалық құралын
жүктеп алу

Компьютерде DLNA функциясын пайдалану үшін,
компьютерге DLNA бағдарламалық құралын орнату
керек. «Samsung.сom» веб-торабынан компьютер
бағдарламалық құралын жүктеп алуға және DLNA
функциясын пайдалану туралы толық нұсқауларды
алуға болады.

1. «www.samsung.com» веб-торабына өтіңіз.

2. Беттің жоғарғы жағындағы SUPPORT түймесін

басыңыз.

3. Іздеу өрісіне өнім үлгісінің нөмірін енгізіңіз.

Үлгі нөмірін енгізгеннен кейін ашылмалы тізім
үлгі нөміріне сәйкес өнімдерді көрсетеді.

4. Ашылмалы тізімдегі өнім үлгісінің нөмірін

тінтуірдің сол жағымен басыңыз.

5. Ашылған бетте төмен қарай жылжып, Firmware

Manuals & Downloads түймесін басыңыз.

6. Software қойындысын ашыңыз.

7. Бағдарламалық құрал қойындысындағы DLNA

жолының оң жағындағы «EXE» белгішесін
басыңыз.

8. Пайда болған қалқымалы терезеде Send

түймесін басыңыз. Келесі қалқымалы терезеде
Save File түймесін басыңыз.

9. Дискідегі DLNA бағдарламалық құралын

орнату файлын тауып, файлды екі рет басыңыз.

10. Пайда болған қалқымалы терезеде Run

түймесін басып, экранда пайда болған
нұсқауларды орындаңыз.

Дәл сол «Software Tab» (Бағдарламалық құрал)
қойындысынан оң жақтағы «File» (Файл)
бағанындағы тиісті PDF файлының таңбасын
басу арқылы DLNA бағдарламалық құралын
орнату/пайдалану нұсқаулығын жүктеп алыңыз.
PDF пішіміндегі файл жүктеліп, ашылады. DLNA
технологиясын орнату және параметрлерін реттеу
үшін нұсқауларды орындаңыз. Файлды қарауға
және/немесе сақтауға болады.

DLNA технологиясын смартфоныңызбен
пайдалану үшін үй кинотеатрын және
смартфонды бір желіге жалғау керек.

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 23

HT-H5530K_50K-RU-KAZ_0522.indd 23

2014-05-22 1:36:26

2014-05-22 1:36:26

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: