Ақаулықты түзету – Инструкция по эксплуатации Samsung WW90J6410CW

Страница 160

Advertising
background image

Ақаулықты түзету

Казақ

48 

Ақаулықты түзету

Ақпарат кодтары

Егер кір жуғыш машина жұмыс істемей қалса, экранда ақпарат коды пайда болуы мүмкін. Төмендегі
кестеге қарап, ұсыныстарды орындап көріңіз.

Код

Әрекет

4C

Су құйылмай тұр.
• Су шүмектерінің ашық екенін тексеріңіз.
• Су түтіктерінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су шүмектерінің мұздап қалмағанын тексеріңіз.
• Кір жуғыш машинаның жеткілікті су қысымымен жұмыс істеп тұрғанына

көз жеткізіңіз.

• Суық судың шүмегі мен ыстық су шүмегінің дұрыс қосылып тұрғанына

көз жеткізіңіз.

• Тор сүзгіні тазалаңыз, бітеліп қалған болуы мүмкін.

4C2

• Суық су құятын түтіктің суық судың шүмегіне мықтап қосылғанына

көз жеткізіңіз. Егер ыстық судың шүмегіне қосылса, кей циклдарда кір
қыжымдалып қалуы мүмкін.

5C

Су төгілмей тұр.
• Су төгетін түтіктің мұздап немесе бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
• Су төгетін түтіктің қосылым түріне қарай дұрыс төселіп тұрғанына көз

жеткізіңіз.

• Қоқыс сүзгісін тазалаңыз, бітеліп қалған болуы мүмкін.
• Су төгетін түтіктің су төгетін құбырға дейін тура қосылып тұрғанына көз

жеткізіңіз.

• Ақпарат коды сонда да көрсетіліп тұрса, тұтынушыға қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

dC

Кір жуғыш машинаны есігі ашық тұрғанда іске пайдалану.
• Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Кірлердің есікке қыстырылып қалмағанын тексеріңіз.

OC

Су шегінен асып төгілді.
• Айналып болғаннан кейін қайта бастаңыз.
• Дисплейде ақпарат коды сонда да көрсетіліп тұрса, жергілікті Samsung

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

LC, LC1

Су төгетін түтікті тексеріңіз.
• Су төгетін түтік ұшының еденде жатқанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Ақпарат коды сонда да көрсетіліп тұрса, тұтынушыға қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

WW6000J-03580U-00_KK.indd 48

6/22/2016 7:43:04 PM

Advertising