Төтенше жағдайда су төгу – Инструкция по эксплуатации Samsung WW90J6410CW

Страница 151

Advertising
background image

Казақ 39 

Күтім көрсету

Төтенше жағдайда су төгу

Ток сөніп қалса, барабанның ішіндегі суды кірді алмай тұрып төгіңіз.

A

1. Кір жуғыш машинанының ашасын розеткадан

суырып, электр көзінен ажыратыңыз.

2. Тиын немесе жұқа темір затты пайдаланып,

сүзгінің (A) қақпағын ашыңыз.

B

3. Қақпақтың айналасына бос, кең сауытты

қойып,

түтіктің қақпағын (B) ұстап тұрып,

төтенше жағдайда су төгетін түтікті сауытқа
созыңыз.

C

4. Түтіктің қақпағын ашып төтенше жағдайда

су төгетін (C) түтіктің ішіндегі суды сауытқа
ағызыңыз.

5. Болған кезде түтіктің қақпағын жауып, түтікті

қайта салыңыз. Содан кейін сүзгінің қақпағын
жабыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Кең сауытты пайдаланыңыз, себебі барабанның
ішіндегі су күткеннен көп болуы мүмкін.

WW6000J-03580U-00_KK.indd 39

6/22/2016 7:43:02 PM

Advertising