Мұздап қалғаннан кейін қалпына келтіру, Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде күтіп ұстау – Инструкция по эксплуатации Samsung WW90J6410CW

Страница 155

Advertising
background image

Казақ 43 

Күтім көрсету

Мұздап қалғаннан кейін қалпына келтіру

Кір жуғыш машина 0 °C градустан төмендегенде мұздап қалуы мүмкін.
1. Кір жуғыш машинаны сөндіру үшін қуат сымын ағытыңыз.
2. Су түтігін жібіту үшін, шүмектің үстінен жылы су құйыңыз.
3. Су түтігін ағытып, жылы суға салып жібітіп қойыңыз.
4. Барабанға жылы су құйып, шамамен 10 минут қоя тұрыңыз.
5. Су түтігін судың шүмегіне қайта жалғаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Кір жуғыш машина сонда да дұрыс жұмыс істемесе, жоғарыдағы қадамдарды машина қалыпты жұмыс
істегенше қайталаңыз.

Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде күтіп ұстау

Кір жуғыш машинаны ұзақ уақыт пайдаланбай қалдырмауға тырысыңыз. Бұндай жағдайда, кір жуғыш
машинаның суын төгіп, қуат сымын ағытыңыз.
1. Цикл таңдау тетігін бұрап, ПОЛОСКАНИЕ+ОТЖИМ (ШАЮ+АЙНАЛДЫРУ) параметрін таңдаңыз.
2. Барабанды босатып, Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз.
3. Цикл аяқталған кезде су шүмегін жауып, су түтігін ағытыңыз.
4. Кір жуғыш машинаны сөндіру үшін қуат сымын ағытыңыз.
5. Барабанның ішін желдету үшін есікті ашыңыз.

WW6000J-03580U-00_KK.indd 43

6/22/2016 7:43:04 PM

Advertising