Қауіпсіздік шаралары – Инструкция по эксплуатации Samsung WW90J6410CW

Страница 116

Advertising
background image

Казақ

4 

Қауіпсіздік шаралары

Жаңа Samsung кір жуғыш машинасын сатып алғаныңызбен құттықтаймыз. Бұл пайдаланушы
нұсқаулығында құрылғыны орнату, іске қолдану, оған күтім көрсетуге қатысты маңызды ақпараттар
қамтылған. Кір жуғыш машинаңыздың көп мүмкіндіктері мен функцияларын толық қолдану үшін, осы
пайдаланушы нұсқаулығын оқып шығуға уақыт бөліңіз.

Қауіпсіздік техникасы бойынша маңызды мәліметтер

Жаңа құрылғыңыздың кең ауқымды мүмкіндіктері мен функцияларын қауіпсіз және тиімді пайдалану
жолдарын білетініңізге көз жеткізу үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты кейін қарап
жүру үшін құрылғыға жақын, сенімді жерде сақтаңыз. Бұл құрылғыны тек осы нұсқаулықта көрсетілген
мақсатта ғана қолданыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілген ескертулер мен қауіпсіздік нұсқаулары, орын алуы мүмкін жағдайлардың
барлығын қамтымаған. Кір жуғыш машинаны орнату, оған күтім көрсету және іске қосу барысында сақ
болу, қарапайым сақтық шараларын сақтау сіздің жауапкершілігіңізде.
Себебі келесі іске пайдалану нұсқаулары әр түрлі үлгілерге арналған, сондықтан кір жуғыш
машинаңыздың техникалық параметрлері, осы нұсқаулықта сипатталған үлгілерден сәл өзгеше болуы
және ескерту белгілерінің кейбіреуі құрылғыңызға қатысты болмауы мүмкін. Сұрағыңыз немесе өзіңізді
толғандырып жүрген мәселе болса, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе
www.samsung.com веб-сайтынан анықтама және ақпарат алыңыз.

Маңызды қауіпсіздік белгілері

Осы нұсқаулықтағы таңбалар мен белгілер нені білдіреді:

ЕСКЕРТУ

Адам қатты жарақат алатын, мерт болатын және/немесе мүлікке зиян келтіретін қатерлі жағдайлар не
қауіпті әрекеттер.

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Адам жарақат алатын, және/немесе мүлікке зиян келтіретін қатерлі жағдайлар не қауіпті әрекеттер.

ЕСКЕРТПЕ

Адамға немесе мүлікке зақым келтіретін қауіптің бар екенін көрсетеді.

Қауіпсіздік шаралары

WW6000J-03580U-00_KK.indd 4

6/22/2016 7:42:51 PM

Advertising