Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулар, Ескерту – Инструкция по эксплуатации LG VK8830HTXR

Страница 18

Advertising
background image

18

ЕСКЕРТУ

● Тиісті кернеуді пайдалану.

Дұрыс емес кернеуді пайдалану қозғалтқыштың

бұзылуына және пайдаланушының жарақат алуына

әкелуі мүмкін. Тиісті кернеу шаңсорғыштың төменгі

жағында көрсетілген.

● Желіден ажыратудың алдында барлық басқару

тұтқаларын өшіріңіз.

Бұлай істемеу электрошокқа немесе дене

жарақатына әкелуі мүмкін.

● Розетканы ешқандай жолмен өзгертпеңіз.

Бұлай істемеу электрошокқа, дене жарақатына

немесе өнімнің зақымдануына әкелуі мүмкін. Бұлай

істеу өлімге әкелуі мүмкін. Егер розетка сыймаса,

тиісті розетканы орнату үшін маман электрикке

хабарласыңыз.

● Электр құрылғыларын тек қана білікті қызмет

көрсету инженерлері жөндей алады.

Дұрыс емес жөндеу пайдаланушыға ауыр жарақат

тигізуі мүмкін.

● Тісті доңғалақтың жанына саусақтарыңызды

қоймаңыз.

Бұлай істемеу дене жарақатына әкелуі мүмкін.

● Өнімді ағаш, қаптаулы еденде, кірпіш еденде

және жоғары сапалы еденде, т.б. пайдаланғанда

сақ болыңыз.

Еденнің материалына байланысты бұл бояудың

кетуін немесе пішіннің өзгеруін тудыруы мүмкін.

● Үздіксіз бір орында тұрмаңыз немесе бір орында

пайдаланбаңыз.

Будың ыстығы бояудың кетуін немесе пішіннің

өзгеруін тудыруы мүмкін.

● Өнім пайдаланылып жатқанда немесе желіге

қосылып тұрғанда қондырманың су тесігінің

қақпағын ашуға немесе су құюға болмайды.

Будың ыстығы күйіктерге немесе ыстық судың

төгілуіне әкелуі мүмкін.

● Желіге қосылып тұрғанда немесе тазалауды

аяқтағаннан кейін бірден бу қондырмасын

тартпаңыз немесе сілкітпеңіз.

Будың шашырауы күйіктер тудыруы мүмкін.

● Қондырманың сыртын тазалағанда әрқашан

шаңсорғышты желіден ажыратыңыз және тез

кебетін затты пайдаланбаңыз.

Бұл электрошокқа және дене жарақатына әкелуі

мүмкін.

● Бу қондырмасының төменгі бетіне тікелей

қолдарыңызбен немесе аяқтарыңызбен

тиіспеңіз.

Бұл күйіктерді тудыруы мүмкін.

● Судың орнына синтетикалық жуу затын,

химиялық затты және басқа заттарды құймаңыз.

Бұл өнімнің зақымдануына немесе жарылуына әкелуі

мүмкін.

● Бу қондырмасының сыртын және астын сумен

немесе жуу затымен тазаламаңыз

Бұл өнімнің зақымдануына және электрошокқа

әкелуі мүмкін.

● Шлангтың ішімен жоғары ток ағындары өтеді,

бұл өртке және электрошокқа әкелуі мүмкін.

● Будың тікелей адамға немесе жануарға

қолданылмауын қамтамасыз етіңіз.

Бұл күйікті тудыруы мүмкін.

● Шаңсорғышты қалай пайдалану керек екенін

білмейтін балалар, кәрілер немесе адамдардың

өнімді пайдаланбауын қамтамасыз етіңіз.

Бұл күйіктерді тудыруы мүмкін.

● Тазалап жатқанда немесе қондырма қызғанда

оның бетіне тиіспеңіз.

Бұл күйіктерді тудыруы мүмкін.

● Суды тартпаңыз немесе сумен тазаламаңыз,

өйткені бу шлангы ішінде электр қуатына қосылу

бөлігіне орнатылған.

Анда-санда түтікте ақаулықтар бар-жоқ екенін және

зақымдалған бөліктер бар-жоқ екенін тексеріңіз,

өнімді пайдалануды тоқтатып, қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

● Микроталшықты матаны бекіткенде немесе

ауыстырғанда, шаңсорғышты желіден

ажыратып, матаны бекіту/ажырату үшін мата

тақтасын пайдаланыңыз.

Желіге қосылып тұрғанда микроталшықты матаны

ауыстырсаңыз, бұл еденге зақым тигізуі немесе өрт

тудыруы мүмкін.

● Желіге қосылғанда немесе бу тазалауышын

пайдаланғанда сақтандырғыш іске қосылса,

өнімді пайдалануды дереу тоқтатып, қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұл электрошокқа әкелуі мүмкін.

ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР

Тісті доңғалақ

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: