Пайдалану – Инструкция по эксплуатации Bosch GWS 15-125 CIEH Professional

Страница 71

Advertising
background image

72 | Қaзақша

1 609 92A 08F | (20.3.13)

Bosch Power Tools

– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін

шаңсорғышты пайдаланыңыз.

– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

ұсынылады.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.

Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Пайдалану

Пайдалануға ендіру

Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты

электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.

Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын
күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған
электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат
төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі
мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін
жарамдылығын тексеріңіз.

Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін сөндіргішті 4 алға
жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.
Басылған сөндіргішті 4 бекіту үшін сөндіргішті 4 одан әрі
алға жылжытыңыз.
Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті 4 жіберіңіз
немесе бекітілсе, сөндіргішті 4 қысқа уақыт бойы басыңыз
және жіберіңіз.
Бекітілмейтін сөндіргіш (кейбір елдер үшін):
Электр құралды қосу үшін сөндіргішті 4 алға
жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 4
жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.

Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта

тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз.
Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.

Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі

Айналымдар саны кенет төмендесе,
мысалы, кесетін жерде сыналану
кезінде, қозғалтқышқа қуат беру
тоқтатылады.

Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 4
өшірілген күйге келтіріп электр құралды
қайта қосыңыз.

Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы үзілістен
кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.

Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 4 өшірілген күйге
келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.

Іске қосу тогының шектеулері
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Ескертпе: Егер электр құрал қосудан кейін бірден толық
айналымдар санымен айналса, онда бұл іске қосу тогын
шектеудің, қайтадан қосылудан қорғаудың және кері
соққы кезінде өшірудің істен шыққанын білдіреді. Электр
құралды бірден сервистік қызметке жіберу керек,
мекенжайларды „Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері“ тарауынан қараңыз.

Тұрақты электроника
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналымдар санын тұрақты дерлік деңгейде сақтайды
және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.

Айналымдар санын таңдау (GWS 15-125 CIEH/GWS 15-125 CITH)
Айналымдар санын таңдайтын реттеуші арқылы 3 қажетті айналымдар санын реттеуге болады.
Төмендегі кестеде ұсынылған көлемдер берілген.

Материал

Пайдалану

Жұмыс құралы

Орнату дөңгелекшесінің
күйі 3

Метал

Бояуды кетіру

Егеуқұм қағазы

2 – 3

Ағаш, металл

Қылшақпен өңдеу, тотты кетіру

Тостаған тәрізді қылшақ, егеуқұм қағазы

3

Металл, тас

Ажарлау

Тегістеу шеңбері

4 – 6

Метал

Сыдырып тегістеу

Тегістеу шеңбері

6

Тас

Кесу

Кесу шеңбері және бағыттауыштар
(тау жыныстарын тек бағыттауыштармен
бірге кесуге болады)

6

OBJ_BUCH-193-007.book Page 72 Wednesday, March 20, 2013 9:17 AM

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: