Инструкция по эксплуатации Samsung MG23H3115NK

Страница 104

Advertising
background image

Казақ - 20

3. Кешкі ас

Код/Тағам

Құраластар / Нұсқаулар

3-1

Қайнатылған

жұмыртқа

қосылған ет

рулеті

Тартылған ет (сиыр немесе шошқа еті) - 150 г, бітеу пісірілген жұмыртқа -

1 дана, тұз - 2 г, қара ұнтақ бұрыш - 0,5 г
Етке дәмдеуіштерден қосып, қолыңызбен жақсылап араластырыңыз.

Еттен орама жасаңыз. Ет рулетінің ортасына жұмыртқаны салыңыз.

Жұмыртқаның барлық жағын етпен жабыңыз. Доға тәрізді пішінге

келтіріңіз. Табаққа салыңыз. Табақты бұрылмалы табақтың үстіне

қойыңыз. Пісіре бастаңыз.

3-2

Орамжапырақ

орамасы

(1) Домалатылған еттер

(а) Тартылған ет (сиыр және шошқа еті) - 120 г, пісірілген кәдімгі күріш -

25 г, туралған қырыққабат - 25 г, тұз - 1-2 г, қара ұнтақ бұрыш - 0,5 г

(b) Ұзыншалап туралған пияз – 30 г, сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ

концентрат қосылған су - 100 мл

(2) Тұздыққа арналған қоспа: Бидай - 5 г, қызанақ езбесі - 10 г, қышқыл

қаймақ - 30 г, су - 50 мл

Етке көкөністер мен дәмдеуіштерден қосып, қолыңызбен жақсылап

араластырыңыз(a). Екі сопақ пішінге келтіріңіз. Пиязды шара іспетті

табаққа салыңыз.

Сопақ еттерді осыған салып, үстіне сорпадан құйыңыз(b). Табақты

үстіңгі торға қойыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұздыққа(2) араластырылатын

құраластардың барлығын дайындаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген

кезде, сопақша еттер салынған еттің сорпасына құраластарды

араластырыңыз. Аударыстырып, пісіруді жалғастырыңыз.

3-3

Қызанақ

тұздығы

қосылған

котлета

(1) Котлета

(2) Ақ нан - 30 г, сүт - 35 мл, тартылған ет (сиыр және шошқа еті) - 130 г,

тұз - 1-2 г, қара ұнтақ бұрыш - 0,5 г

(3) Ұзыншалап туралған пияз – 15 г, ұзыншалап туралған сәбіз - 30 г, сиыр

етінің сорпасы немесе құрғақ концентрат қосылған су - 100 мл

(4) Тұздыққа арналған қоспа:

Бидай - 5 г, қызанақ езбесі - 20 г, су - 75 мл

Нанды сүтке салыңыз. Оны тартылған етке қосыңыз. Дәмдеуіштер салып,

қолыңызбен жақсылап араластырыңыз (2). Екі котлета жасаңыз.

Пияз мен сәбізді шара іспетті табаққа салыңыз (3). Котлеталарды осыған

салып, үстіне сорпадан құйыңыз. Табақты үстіңгі торға қойыңыз. Пісіре

бастаңыз. Тұздыққа(4) араластырылатын құраластардың барлығын

дайындаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, котлеталар салынған

еттің сорпасына құраластарды араластырыңыз. Аударыстырып, пісіруді

жалғастырыңыз.

Код/Тағам

Құраластар / Нұсқаулар

3-4

Қара өрік

қосылған

тауық

сирақтары

Ұзыншалап туралған пияз - 15 г, ұзыншалап туралған сәбіз - 20 г, тауықтың

сирақтары - 2 дана (160-180 г), өрік - 5-7 дана (50 г), тауық сорпасы

немесе құрғақ концентрат қосылған су - 150 мл
Пияз мен сәбізді табаққа салыңыз. Тауық сирақтарын үстіне салыңыз

да, қара өрікті салып, үстіне сорпа құйыңыз. Табақты микротолқынды

пешке салыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде,

аударыңыз да, пісіруді жалғастырыңыз.

3-5

Көкөніс

қосып буға

пісірілген

күркетауық

Күркетауық қоң еттері -150 г, ұзыншалап туралған асқабақ - 50 г,

ұзыншалап туралған пияз – 15 г, ұзыншалап туралған сәбіз – 20 г, тауық

сорпасы немесе құрғақ концентрат қосылған су - 100 мл
Үлкен шара іспетті табаққа құраластардың барлығын салыңыз да,

қайнаған сорпаны құйыңыз.

Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, аударыңыз да,

көкөністерді араластырып пісіруді жалғастырыңыз.

3-6

Картоп

пісірмесі

Ірі картоп(160 - 200 г) - 1-2 дана
Картоптардың қабығын аршып, шұңғыл ыдысқа салып, су құймай, тағамға

арналған таспамен жабыңыз. Микротолқынды пешке салыңыз. Пісіре

бастаңыз. Үстелге тартар алдында сарымай немесе қышқыл қаймақ

немесе ірімшік не т.с.с. қосыңыз.

3-7

Рататуй

Текшелеп туралған асқабақ– 100 г, текшелеп туралған сәбіз – 60 г,

текшелеп туралған болғар бұрышы – 75 г, текшелеп туралған пияз – 45 г,

туралған сарымсақ– 6 г, қызанақ езбесі – 10г, дәмдеу үшін орегано және

базилик, көкөніс сорпасы немесе құрғақ концентрат қосылған су - 150 мл
Барлық құраластарды шара іспетті табаққа салыңыз.

(Орегано және базиликті қосыңыз). Жақсылап араластырыңыз. Пісіре

бастаңыз.

3-8

Қарақұмық

пуддингі

(а) Қыша қосылған ірімшік 9 % - 120-140 г, қант - 10-15 г, тұз - 0,5 г,

жұмыртқа - ½ дана, пісірілген дайын қарақұмық - 140 г

(b) Сары май - 5 г, нанның қоқымдары - 1-2 г

(c) Қышқыл қаймақ - 30 г
Барлық құраластарды араластырыңыз(a). Шара тәрізді сарымай жағылған

және нан қоқымы себілген табаққа салыңыз(b). Үстіне қышқыл қаймақтан

құйыңыз(c). Пісіре бастаңыз.

MG23H3115NK_BW_DE68-04240C-00_KK.indd 20

2014-01-07 �� 7:15:43

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: