Күтіп ұстау жəне тазалау, Сүзгілерді тазалау – Инструкция по эксплуатации Samsung DMM770B-BWT

Страница 99

Advertising
background image

күтіп ұстау жəне тазалау

_27

күтіп ұстау жəне тазалау

СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ

Сүзгі жүйесі

Сізге ыңғайлы болу үшін сорғы мен сүзгі жүйесін қол оңай жететін жерге, барабан ішіне
орналастырдық. Сүзгі жүйесі үш бөліктен тұрады. негізгі сүзгі, ірі сүзгі жəне майда сүзгі.
1. Негізгі сүзгі : Осы сүзгі ұстап қалған тағам жəне қоқыс

астыңғы бүріккіш түтіктен шығатын арнайы су ағынымен
шайылады да, су төгетін түтік арқылы шығарылады.

2. Ірі сүзгі : Сүйек не шыны кесектері сияқты, су төгетін түтікке

кептелуі мүмкін үлкен заттар ірі торлы сүзгі арқылы ұсталады.
Осы сүзгі ұстап қалған қоқысты алу үшін, осы сүзгінің үстіндегі
тығындарды еппен қысыңыз да, сүзгіні шығарып алыңыз.

3. Майда сүзгі : Бұл сүзгі тұндырғыштың маңайында жиналған

қоқыс пен тағам қалдықтарын ұстайды жəне цикл кезінде
ыдысқа қайта жұғуына жол бермейді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ : Майда сүзгіні төмен қаратып салмаңыз.

Сүзгілер жинағы

Сүзгілер жинағы жақсы жұмыс істеуі үшін оны тазалау керек. Сүзгі тағам қалдықтарын
ыдыс жуатын судан жақсы кетіреді жəне цикл кезінде судың айналуына мүмкіндік
тудырады. Сондықтан да, əр жуу циклынан кейін жартылай дөңгелек сүзгіні жəне
сауытты ағып тұрған сумен шайып, тұрып қалған тағамның ірірек қалдықтарын кетірген
дұрыс. Сүзгі жинағын алу үшін сауыттың тұтқасын жоғары қарай тартыңыз. Сүзгі
жинағын аптасына бір рет толық тазалап отыру керек.
Ірі сүзгі мен ұсақ сүзгіні тазалау үшін тазалағыш шөткені қолданыңыз. Содан кейін,
сүзгінің бөліктерін сол жақтағы суретте көрсетілгендей қайта құрастырып, сүзгі жүйесін
ыдыс жуғыш машинадағы орнына салып төмен басыңыз.

Ыдыс жуғыш машинаны ешқашан сүзгілерін салмай қолдануға болмайды. Сүзгіні дұрыс
орнатпасаңыз, құрылғы жұмысына нұқсан келуі жəне ыдыс-аяқ пен ас құралдары бүлінуі
мүмкін.

ЕСКЕРТУ : Ыдыс жуғыш машинаны сүзгілерін орнына қоймай тұрып қолданбаңыз.
Сүзгілерді тазалаған кезде қаққыламаңыз. Себебі, сүзгілер майысып, ыдыс жуғыш
машинаның жұмыс сапасы төмендеуі мүмкін.

06
күтіп

ұстау

жəне

та

залау

2

3

1

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec8:27

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec8:27

2012-09-28

10:40:19

2012-09-28

10:40:19

Advertising