Ыдыс жуғышта келесі ыдыс-аяқ/ас құралдарын, Ыдыстар мен ас құралдарын салған кезде – Инструкция по эксплуатации Samsung DMM770B-BWT

Страница 95

Advertising
background image

ыдыс жуғыш машина торына ыдыс салу

_23

ЫДЫС ЖУҒЫШТА КЕЛЕСІ ЫДЫС-АЯҚ/АС ҚҰРАЛДАРЫН:

Жууға болмайды

Сонша тиімді емес

Сабы ағаштан, мүйізден, фарфордан немесе
ақықтан жасалған ас құралдары.
Қызуға төзімсіз пластик заттар. Қызуға
төзімді емес ескі жəне бөліктері желімделіп
құрастырылған ас құралдары. Байлаулы ас
құралдары немесе ыдыс-аяқ. Қалайы немесе
мыс заттар. Қорғасынды хрусталь. Тоттанатын
темір заттар. Ағаш табақтар. Синтетикалық
талшықтардан жасалған заттар.

Көп жуғаннан кейін кейбір стакандардың өңі
кетуі мүмкін.
Күміс жəне алюминий бөлшектердің түсі жуған
кезде өзгеруге бейім келеді.
Жалатылған ыдыс-аяқтар ыдыс жуғыш
машинада жиі жуылса əрі кетуі мүмкін.

Темекінің күлі, балауыз, ликер немесе бояу тəрізді заттар ластаған заттарды салмаңыз. Жаңа
ыдыс сатып алғанда, олардың ыдыс жуғыш машинада жууға жарамдылығын тексеріңіз.

Ыдыс жуғыш машинаны шамадан тыс толтырмаңыз. Құрылғыда тек 8 стандартты ыдыстарға
арналған ғана орын бар. Ыдыс жуғыш машинада жууға жарамсыз ыдыстарды салмаңыз. Бұл
жуу нəтижесі жақсы болуы жəне қуатты тиімді жұмсау үшін қажет.

Ас құралдарын жəне ыдыс-аяқтарды салу
Ыдыс-аяқты салар алдында:
Тағамның үлкен қалдықтарын тазалау керек
Жанып жабысып қалған тағам қалдықтарын қазаншаларға салып жібітіп алыңыз

Ыдыстар мен ас құралдарын салған кезде

Ыдыс-аяқ пен ас құралдары айналып тұратын бүріккіш түтіктерге кедергі жасамауы
керек.
Кесе, стакан, кəстрөл, шыны аяқтар, т.с.с. тəрізді шұңғыл ыдыстардың ауыздарын,
сауыттың ішіне немесе ыдыстың түбіне су жиналмау үшін төмен қаратып салыңыз.

Ас құралдары ыдыс-аяқтардың ішінде, не олар бірінің үстінде бірі жатпауы керек
• Стакандарға зиян келтірмеу үшін, бір-біріне тигізбей салу керек.
• Оңай жуылмайтын үлкен заттарды астыңғы сөреге салу керек.
• Үстіңгі сөре стакан, кофе мен шай кеселері тəрізді осал əрі жеңілірек

ыдыстарды салуға арналған.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тігінен орналастырылған ұзын жүзді пышақтар – қауіп-қатердің бірден бір көзі!
Ұзын жəне/не ет бұзатын не турайтын пышақтар тəрізді өткір заттарды үстіңгі
себетке көлденеңінен орналастыру қажет.

04
ыдыс

жуғыш

м

ашина

торына

ыдыс

са

лу

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec6:23

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec6:23

2012-09-28

10:40:18

2012-09-28

10:40:18

Advertising