Ыдыс жуғыш машинаны қалыпты ұстау жолдары – Инструкция по эксплуатации Samsung DMM770B-BWT

Страница 101

Advertising
background image

күтіп ұстау жəне тазалау

_29

Ыдыс жуғыш машинаны қалыпты ұстау жолдары

• Жуу циклін орындап болған сайын

Əр жуу циклін орындап болғаннан кейін құрылғыға құйылатын суды тоқтатып, ылғал
немесе жағымсыз иіс тұрып қалмас үшін есігін сəл ашыңқырап қойыңыз.

• Ашаны суырыңыз

Тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарына кіріспес бұрын, əрқашан ашаны
розеткадан суырыңыз. Қатерлі жағдайға жол бермеңіз.

• Ешбір еріткіш немесе түрпілі заттарды қолданбаңыз

Ыдыс жуғыш машинаның сырты мен резеңке бөлшектерін тазалау үшін еріткіш
немесе түрпілі заттарды ешқашан қолданбаңыз. Оның орнына, тек шүберек
пен жылы сабын су ғана пайдаланыңыз. Құрылғының ішкі бетіндегі дақтар мен
таңдақтарды, су мен аздаған ақ сірке суы немесе ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш зат сіңірілген шүберекпен тазалаңыз.

• Демалысқа кеткен кезде

Демалысқа кетердің алдында, жуу циклын ыдыс жуғыш машинаға ыдыс салмай
орындап, содан кейін оның ашасын розеткадан суырып, су құятын шүмекті жауып,
құрылғы есігін сəл ашық қалдыруды ұсынамыз. Бұл тығыздағыштардың ұзаққа
шыдауына көмектеседі жəне құрылғыдан жағымсыз иіс шығуына жол бермейді.

• Құрылғыны жылжыту

Егер құрылғыны жылжыту қажет болса, оны тік қалыпта ұстауға тырысыңыз. Егер
міндетті түрде солай істеу керек болса, шалқасынан қоюға болады.

• Тығыздағыштар

Ыдыс жуғыш машинадан иіс шығуының бір себебі тығыздағыштарға тағам тұрып
қалуы болып табылады. Дымқыл жөкемен мерзімді түрде тазалап тұру мұндай
жағдайды болдырмайды.

06
күтіп

ұстау

жəне

та

залау

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec8:29

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec8:29

2012-09-28

10:40:20

2012-09-28

10:40:20

Advertising