Қауіпсіздік туралы ақпарат, Сутегі газы жарылғыш келеді, Дұрыс қолдану – Инструкция по эксплуатации Samsung DMM770B-BWT

Страница 74

Advertising
background image

2_

қауіпсіздік туралы ақпарат

қауіпсіздік туралы ақпарат

Осы пайдаланушыға қатысты ақпаратты мұқият оқыңыз да, кейін қарап
жүру үшін сақтап қойыңыз. Құрылғыны келесі пайдаланушыға берген
жағдайда, нұсқаулықты да қоса беріңіз.
Бұл нұсқаулықта қауіпсіздік туралы, бөлшектері мен функциялары, ыдыс
жуғыш машинаны орнату жəне ақаулықты түзету т.с.с. тəрізді тараулар
қамтылған.
Нұсқаулықты ыдыс жуғыш машинаны қолданар алдында мұқият оқып
шықсаңыз, ыдыс жуғыш машинаны дұрыс қолдануға жəне оған күтім
көрсетуге көмектеседі.

Өндіруші үздіксіз жаңарту жəне өнімді ең соңғы талаптарға сай ету мақсатында оған алдын
ала ескертусіз өзгеріс енгізуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ : Ыдыс жуғыш машинаны қолданған кезде негізгі сақтық шараларын сақтаңыз,
соның ішінде:

СУТЕГІ ГАЗЫ ЖАРЫЛҒЫШ КЕЛЕДІ

Кей жағдайда, ыстық-су жүйесі екі немесе одан да көп апта қолданылмаса, сутегі газы пайда
болуы мүмкін. СУТЕГІ ГАЗЫ ЖАРЫЛҒЫШ КЕЛЕДІ. Егер ыстық-су жүйесі осынша уақыт
қолданылмаса, ыдыс жуғыш машинаны қолданар алдында ыстық су шүмектерінің барлығын ашып,
оның əрқайсысынан бірнеше минут су ағызыңыз. Сонда жиналған сутегі газы сыртқа шығады. Газ
жанғыш болғандықтан, осы кезде темекі шекпеңіз немесе ашық жалынды қолданбаңыз.

ДҰРЫС ҚОЛДАНУ

Ыдыс жуғыш машинаны теріс қолданбаңыз, оның есігіне немесе ыдыс қойылатын торына

отырмаңыз немесе шықпаңыз.

Панельдерінің барлығы дұрыс орнатылмаса, ыдыс жуғыш машинаны іске қолданбаңыз. Ыдыс

жуғыш машина жұмыс істеп тұрған кезде есігін абайлап ашыңыз. Су шашырап кетуі қаупі бар.

Ашық тұрған есікке ауыр зат қоймаңыз немесе оның үстіне шықпаңыз. Құрылғы алға қарай

аударылып кетуі мүмкін.

Жуылатын заттарды салған кезде:

- Өткір заттарды есіктің тығыздағышын бүлдірмейтін етіп орналастырыңыз;
- Өткір пышақтардың саптарын, жарақат алу қаупін азайту үшін жоғары қаратып салыңыз;

Ескерту: пышақтар жəне басқа да үшкір заттарды себетке өткір ұштарын төмен қаратып немесе

көлденең жатқыза салу қажет.

Жуу циклы аяқталғаннан кейін жуғыш зат қорапшасының бос екеніне көз жеткізіңіз.
Пластик заттардың затбелгісінде "ыдыс жуғыш машинада жууға болады" немесе соған ұқсас

нұсқау көрсетілмесе, жууға болмайды. Бұндай нұсқауы жоқ пластик заттардың өндіруші
нұсқауларын қараңыз.

Тек автомат ыдыс жуғыш машиналарға ғана арналған жуғыш жəне шайғыш заттарды ғана

қолданыңыз. Сабынды, кір жуғыш заттарды немесе қолмен жууға арналған заттарды ыдыс
жуғыш машинада қолдануға болмайды.

Желіден ағытуға арналған басқа құрал тұрақты сымның бойына, кем дегенде контакттарының

арасында 3 мм орын қалдыра отырып орнатылуға тиіс.

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ОСЫ АҚПАРАТТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ

ЖƏНЕ ОРЫНДАҢЫЗ ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec1:2

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec1:2

2012-09-28

10:40:07

2012-09-28

10:40:07

Advertising