Ақаулықты түзету, Қателер коды – Инструкция по эксплуатации Samsung DMM770B-BWT

Страница 104

Advertising
background image

32_

ақаулықты түзету

АҚАУЛЫҚ

ЫҚТИМАЛ СЕБЕБІ

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Бу

Қалыпты жағдай.

Құрғату циклы кезінде жəне суды төккен

кезде есік бекітпесінің саңылауынан
шамалы бу шығады.

Ыдыс-аяққа қара не сұр
дақ түскен.

Ыдыс-аяққа алюминий

ыдыстар үйкелген.

Мұндай дақтарды жұмсақ түрпілі заттармен

тазалаңыз.

Құрылғының түбінде су
қалып қойған.

Бұл қалыпты жағдай.

Құрылғының астыңғы жағындағы су

ағатын саңылауда болатын шамалы су, су
тығыздағышын майлап тұрады.

Ыдыс жуғыш
машинадан су ағуы.

Жуғыш зат немесе

шайғыш зат төгілген.

Шайғыш зат үлестіргішін тым толтырмаңыз.

Төгілген шайғыш зат көпіршіктенуге жəне
судың тасуына себеп болады. Төгіліп қалса
дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

Ыдыс жуғыш машинаның

деңгейі дұрыс емес.

Ыдыс жуғыш машинаның деңгейін

дұрыстаңыз.

Жуып болғаннан кейін жуу нəтижесі дұрыс болмауы мүмкін, себебі қуатпен жабдықтауға
қатысты мəселе орын алды (тоқтың сөніп қалуы). Қызмет көрсету орталығына хабарласпай
тұрып, нəтижесін тағы бір рет тексеріңіз.

ҚАТЕЛЕР КОДЫ

Ақаулық пайда болғанда құрылғыда ақаулық кодтары көрсетіледі де, келесіні ескертеді:

КОДТАР

СИПАТТАМАСЫ

ЫҚТИМАЛ СЕБЕПТЕРІ

E1

Су ұзақ уақыт құйылып жатыр

Шүмек ашылған жоқ немесе су аз құйылуда
немесе судың қысымы тым төмен.

E2

Су төгілмейді

Су түгел төгілмейді немесе су қысымы тетігіне
қатысты ақау.

E3

Қыздыруға көп уақыт кетеді, бірақ
қажетті температура орнамайды.

Температура сенсоры немесе қыздырғыш
элемент ақауы.

E4

Ағу немесе шамадан тыс толу

Су бір жерден аққан немесе су тым көп құйылған.

E5

Судың қысымы төмендеу

Ыдыс жуғыш машинадағы судың деңгейі төмен
немесе су қысымы тетігіне қатысты ақау.

E6

Температура сенсоры істен шыққан.

Қысқа тұйықталу орын алған немесе температура
сенсоры сынған.

E7

Температура сенсоры істен шыққан.

Ашық тұйықталу орын алған немесе температура
сенсоры сынған.

E8

Қосалқы қлапан істен шыққан FLEX

жуу функциясы клапанының орналасу

орнын реттей алмаймын.

E9

Түймешік ақауы

Түймешік 30 секундтан артық үздіксіз басылған.

EA

Су қысымы тетігінің істен шығуы

Ыдыс жуғыш машинадағы су тым көп немесе су
қысымы тетігіне қатысты ақау.

UC

Кернеудің дұрыс болмауы

Кіресін кернеу < 180В немесе >270В

ЕСКЕРТУ : Тасып төгілсе, қызмет көрсету орталығына хабарласпай тұрып негізгі су берілімін
тоқтатыңыз. Егер ыдыстың түбінде судың тасуына немесе шамалы су ағуға байланысты су
тұрып қалса, ыдыс жуғыш машинаны қайта қоспай тұрып суды төгу керек.

ақаулықты түзету

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec9:32

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec9:32

2012-09-28

10:40:20

2012-09-28

10:40:20

Advertising