Күтіп ұстау жəне тазалау, Бүріккіш түтіктерді тазалау, Есікті тазалау – Инструкция по эксплуатации Samsung DMM770B-BWT

Страница 100: Ыдыс жуғыш машинаны күтіп ұстау, Мұз қатудан қорғау

Advertising
background image

28_

күтіп ұстау жəне тазалау

БҮРІККІШ ТҮТІКТЕРДІ ТАЗАЛАУ

Кермек судағы химиялық заттар бүріккіш түтіктің саңылаулары мен
мойынтіректерін бітеп тастамас үшін оларды жиі тазалап отыру керек.
Бүріккіш түтіктерді алу үшін, гайканы бұрап ағытып алыңыз да, бүріккіш
түтіктің басындағы тығырықты алып, түтікті алыңыз. Түтіктерді сабын
сумен жуып, саңылауларын жұмсақ шөткемен тазалаңыз. Əбден
шайғаннан кейін орнына салыңыз.

ЕСІКТІ ТАЗАЛАУ

Есіктің жиегін айналдыра тазалау үшін тек жұмсақ, жылы, дымқыл шүберекті
қолданыңыз. Есіктің бекітпесі мен электрлік құраластарына су кіріп кетуіне
жол бермеу үшін ешқандай бүріккіш тазартқышты қолданбаңыз.
Сонымен қатар, құрылғының сыртқы беттерін түрпілі тазартқыштармен
немесе қырғыш ысқыштармен тазаламаңыз, себебі олар бетіне сызат түсіруі
мүмкін. Кейбір қағаз сүлгілер де құрылғы бетіне сызат түсіруі немесе дақ
қалдыруы мүмкін.

ЕСКЕРТУ : Есіктің панелін тазалау үшін ешқашан бүріккіш тазалағыш құралды қолданбаңыз,
есіктің бекітпесі мен электрлі құраластарға нұқсан келтіруі мүмкін. Жеміргіш заттарды немесе
қағаз сүлгілерді қолдануға болмайды, себебі тот баспайтын темір бетке сызат түсіруі немесе
дақ қалдыруы мүмкін.

ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ КҮТІП ҰСТАУ

Басқару панелін сəл дымқыл шүберекпен тазалап, соңынан жақсылап құрғатыңыз. Сыртын
құрылғыны жылтыратқыш жақсы балауызбен тазалаңыз.
Ыдыс жуғыш машинаның ешбір бөлшегін өткір заттармен, қырғыш жөкемен не қатты
тазартқыштармен тазаламаңыз.

Мұз қатудан қорғау

Қыста ыдыс жуғыш машинаны жылытылмайтын жерде қалдырсаңыз, техник маманнан
төмендегі əрекеттерді орындауын сұраңыз:
1. Ыдыс жуғыш машинаға жалғанған электр тоғын ажырату.
2. Су құятын шүмекті жауып, су құятын түтікті су клапанынан ажырату.
3. Су құятын түтік пен су клапанындағы суды ағызу. (Суды жинау үшін кəстрөлді

пайдаланыңыз)

4. Су құятын түтікті су клапанына қайта жалғау.
5. Құрылғының ішкі жақ түбінде орналасқан сүзгіні алып, тұндырғыштағы суды жөкеге

сорғытыңыз.

күтіп ұстау жəне тазалау

X

Y

X

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec8:28

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec8:28

2012-09-28

10:40:19

2012-09-28

10:40:19

Advertising