Ыдыс жуғыш машинаны орнату – Инструкция по эксплуатации Samsung DMM770B-BWT

Страница 80

Advertising
background image

8_

ыдыс жуғыш машинаны орнату

СУ ҚҰЮ ЖƏНЕ ТӨГУ

Суық суға қосу

Суық су құюға арналған түтікті бұрамасы 3/4 (дюйм) ағытпаға
жалғап, оның орнына мықты қатайтып бұралғанын тексеріңіз.
Су құбырына қосу түтіктері жаңа болса немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған болса, суды əбден тазарып, қоқыстан арылғанша
ағызып қойыңыз. Егер бұл сақтық шарасы орындалмаса, су құятын
түтік бітеліп, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.

Құрылғымен бірге жеткізілген су құю түтігі аквасейф жүйесімен
жабдықталған. Су құятын түтіктің аквасейф түтігінің шүмекке
жалғанғанына көз жеткізіңіз.

Ыстық суға қосу

Құрылғының су құю жүйесін, егер температурасы 60 °C градустан аспаса, үйдегі ыстық
су жүйесіне де (орталық жүйе, қыздырғыш жүйе) қосуға болады. Бұндай жағдайда, жуу
циклының уақыты шамамен 15 минутқа қысқарады жəне жуу нəтижесі аздап төмендейді.
Ыстық су жүйесіне қосу үшін, суық су жүйесіне қосу тармағында көрсетілген əрекеттерді
орындау керек.

Құрылғыны орналастыру
Құрылғыны қалаған жеріңізге орнатыңыз. Құрылғының артқы жағын қабырғаға
тақатып, екі жағын қатарлас орналасқан жиһаз немесе қабырғаға жақын
орнатыңыз. Ыдыс жуғыш машинаны орнату ыңғайлы болу үшін, оның оң
немесе сол жағына орналастыруға болатын, су құятын жəне төгетін түтіктермен
жабдықталған.

Түтіктерде қалған суды қалай ағызуға болады

Егер раковина еденнен 1000 мм биік орналасса, түтіктердегі артық суды раковинаға
тура ағызу мүмкін емес. Қалған суды шыныаяқ немесе сай келетін сауытты раковинаның
астыңғы жағына қойып, соған ағызып алу керек.

Су төгу

Су төгетін түтікті жалғаңыз. Су ағып кетпес үшін су төгетін түтікті дұрыс орнату керек.
Су құю түтігі жаншылып немесе майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Ұзартқыш түтік

Егер су төгу үшін ұзартқыш түтік қажет болса, су төгу түтігіне ұқсас түтікті қолданыңыз.
Ол 4 метрден ұзын болмауға тиіс; əйтпесе, ыдыс жуғыш машинаның жуу нəтижесі
төмендейді.

ыдыс жуғыш машинаны

орнату

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec4:8

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec4:8

2012-09-28

10:40:10

2012-09-28

10:40:10

Advertising